Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанада Олимпиада-2016 жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету салтанаты өтуде

26 тамыз 2016, 20:55
Астана
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-аккаунтында олимпиадашылармен салтанатты кездесу туралы жазба қалдырды.

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдергерлеріне мерекелік құрмет көрсету шарасы басталды.

Олимпиада-2016 ойындарына қатысқан қазақстандық спортшылар кабриолетпен Астананың басты көшелерімен жүріп өтіп, «Қазақстан» орталық концерт залына келіп жетті. Содан кейін Қазақстанның олимпиада құрамасы толық құрамда қызыл кілеммен жүріп өтті, оларға жанкүйерлер мен спорт сүйер қауым қошемет көрсетті.

Айта кетер болсақ, қазақстандық спортшылар барлығы 17 олимпиада медалін еншіледі: 3 алтын, 5 күміс және 9 қола. Олимпиаданың басты қазақстандық жүлдегерлері жас спортшылар: жаңа жанған жұлдыз – жүзгіш Дмитрий Баландин (21 жас), 23-жасар зілтемірші Нижат Рахимов және 25-жасар боксшы Данияр Елеусінов. Үшеуі де жергілікті атқарушы органдардың тарапынан үй және басқа да сыйлықтарды есептемегенде мемлекет тарапынан 250 мың долларға ие болады.

Бес күміс жүлдені құрама қоржынына дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Әділбек Ниязымбетов, зілтемірші Жазира Жаппарқұл, ауыр салмақтағы боксшы Василий Левит және балуан Гүзел Манюрова салды.

Қола медальдарды дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг, ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков; жеңіл атлет Ольга Рыпакова, еркін күрес балуандары Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова, сондай-ақ боксшылар Иван Дычко мен Дариға Шәкімова еншіледі.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы медальдік есепте 22-ші орынға табан тіреді.