24 Қыркүйек 2020, 13:31
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін бұл қызметті Мақсат Мұханов атқарған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу