Марат Нұрғожин «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президенті болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті болып Марат Нұрғожин сайланды.

Қазғарышта мәлімдегендей, М. Нұрғожин 59 жаста, ол Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесінің түлегі, техникалық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

2008 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың бірінші вице-президенті, 2013 жылдың тамызынан бастап – Қазғарыштың «ҚҒС» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

Бүгінде «ҚҒС» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасында ғарыш технологияларын жасау мен енгізу жөнінде орасан зор жұмыстарды атқаруда.

Компания еліміздің Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің пайдалануға берілуін жүргізеді, ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру жобасын іске асырады.

М. Нұрғожин белсенді ғалым, 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстың, 7 монографияның, 2 оқулықтың 1 патенттің және 6 авторлық куәліктің авторы болып табылады.

30 жылдан астам уақыт бойы жобалау шешімдерінің автоматтандырылған талдау үлгілері мен әдістерін жасау проблемасымен айналысып келеді.

М. Нұрғожин «Ғарыш жүйелері және қызметі» стандарттау жөніндегі ХТК-535 ТМД елдерінің Халықаралық техникалық комитетіне басшылық етеді, «Ғарыш қызметі» стандарттау жөніндегі ТК-66 Қазақстан Республикасы Ұлттық техникалық комитетінің төрағасы, ғарыш қызметі саласында шамамен 80 ұлттық стандартты әзірлеу жетекшісі, Дәнекерлеу және біртектес технологиялар мәселелері бойынша мемлекетаралық ғылыми кеңестің мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясы президиумының мүшесі, осы академияның толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академияның толық мүшесі болып табылады.

«Кұрмет» орденімен, «THE NAME IN SCIENCE AWARD» халықаралық наградасымен марапатталған.

М. Нұрғожиннің есімі XXI ғасырдағы көрнекті ғалымдардың халықаралық тізіліміне енгізілгенін атап өткен жөн.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу