Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанада Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі Комитетінің 8-отырысы өтті

19 сәуір 2017, 09:30

Астанада өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі Комитетінің 8-отырысы барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолимен келіссөздер жүргізді.

 

Тараптар жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен келешегін, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері: сауда-экономика, энергетика, индустриалды-инновациялық, ғылыми-техникалық, қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, әскери-техника саласының, өңірлік және шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында жүздесушілер 2016 жылдың қыркүйегінде ҚР мен ҚХР көшбасшылары қол қойған «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жаңа экономикалық саясатының ынтымақтастық жоспарын жұптастыра жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолидің төрағалығымен өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі Комитетінің 8-отырысы өтті.

А. Мамин отырыс барысында ҚР мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқандығын айтты.

«Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жаңа экономикалық саясатының ынтымақтастық жоспарын жұптастыра жүзеге асыру екі елдің алдында транзиттік-көліктік ынтымақтастық, сауда, өңдеуші өнеркәсіп саласын дамытуда жаңа перспективаларға жол ашады»,- деп Қазақстан-Қытай индустриалды-инновациялық ынтымақтастық бағдарламасын орындалудың маңыздылығын А. Мамин атап өтті.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейінің сапалы екендігін, негізінен, Қытай-Қазақстан-Еуропа бағдарында контейнерлік тасымалдар көлемінің өсіп келе жатқандығын айтты.

2017 жылдың басынан бастап 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сауда 30% - ға артып, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазіргі таңда индустрия, инновация, көлік және логистика аумағында жалпы құны 27 млрд АҚШ долларын құрайтын 51 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР мен ҚХР арасындағы транзитті тасымалдардың өскендігін есепке алсақ, ынтымақтастықтың негізгі бағдары көлік-логистика саласы болып табылады. Қазақстан алдағы уақытта  Ұлы Жібек Жолы бағдары бойынша тасымалдарды дамытуға жағдай жасау үшін көлік инфрақұрылымын белсенді дамытуда. 2017 жылдың 1 тоқсанындағы контейнерлік тасымалдар көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе өскен.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Ч. Гаоли екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы бойынша Қазақстан-Қытай байланыстарының дамуында динамика бар деді. «Ынтымақтастық жөніндегі Комитеттің 8-отырысы достығымызды нығайтып, екі ел арасында стратегиялық ынтымақтастықты орнататындығына сенім білдіремін».  

«Біз нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық жағдайды жасап, екі елдің игілігі мен пайдасы үшін бірлесе жұмыс жасауымыз керек», - деді Ч. Гаоли.

Комитеттің отырысы аясында «Қостанай-Астана» телекөпірі өткізілді. Онда «Сарыарқа Авто Пром» ЖШС-нің өндірістік алаңында ANKAI сериалы автобустарды шығару іске қосылды. 

Отырыс барысында кіші комитеттердің төрағаларының есептері тыңдалды.

ЭКСПО-2017 кезінде «Қазақстандағы Қытай туризмі жылы» және 5 шілде – Астанадағы Қытай ұлттық күнін атап өту жоспарланған.

Іс-шара қорытындысы бойынша А. Мамин мен Ч. Гаоли Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі Комитеттің 8-отырысы бойынша Хаттамаға қол қойды.