Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев пен Биньямин Нетаньяху екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

14 желтоқсан 2016, 18:29
Фото: primeminister.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Израиль мемлекетінің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрін талқылады, соның ішінде индустриалды-инновациялық даму, сауда-экономикалық қарым-қатынастар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ІТ-технологиялар, телекоммуникациялар, қауіпсіздік салалары, сонымен қатар ЭЫДҰ стандарттарын іске асыру бойынша тәжірибемен алмасу мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

1/1