Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев пен Сооронбай Жээнбеков екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

06 наурыз 2017, 20:02
Фото: primeminister.kz

Бүгін Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысына қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барды.

ЕҮАК жұмысы аясында Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастар, шекара, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мəселелері талқыланды. 

Сондай-ақ, ертең ЕуразЭО-ға мүше елдердің Үкімет басшыларының Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевпен ұжымдық кездесуі жоспарланған. 

Анықтама:

Үкіметаралық кеңес – Одақ елдерінің Үкімет басшыларынан құралған ЕуразЭО органы. ЕҮАК ЕуразЭО туралы Келісімшартты, халықаралық келісімшарттарды және Жоғарғы кеңестің шешімдерін жүзеге асыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.  

Бақытжан Сағынтаев пен Сооронбай Жээнбеков екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
1/1