Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев пен Виктор Садовничий Қазақстан мен Ресейдің ғылым саласындағы ынтымақтастығын талқылады

12 желтоқсан 2016, 19:34
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ММУ іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер орталығы мен «Астана» Халықаралық ғылыми кешенін дамыту перспективалары талқыланды.  

Анықтама:

«Астана» Халықаралық ғылыми кешені (ХҒК) 2015 жылы Мемлекет басшысының басты құрылымы – «Астана» талдау орталығы базасында құрылған.  

Бүгінгі таңда ХҒК-да үш институт пен екі орталық жұмыс жасайды: Астана экономика мектебі, Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институты, Саяси және тарихи зерттеулер институты, Тұрақты даму орталығы, Әлеуметтік зерттеулер орталығы.   

Жоба қатысушылары М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), Фудань университеті (Қытай), Колумбия университеті (АҚШ) және Кембридж университеті (Ұлыбритания).

Астана қаласындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы 2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің белсенді жәрдемімен құрылған.