Бақытжан Сағынтаев Францияның экс-Премьер-Министрі Франсуа Фийонмен кездесті

16 маусым 2017, 11:40
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Францияның экс-Премьер-Министрі Франсуа Фийонмен сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Екі тарап Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын, сонымен қатар Қазақстан-Франция іскерлік кеңесі аясында бизнес өкілдері кездесулерінің тиімділігін талқылады.

ЭКСПО-2017 көрмесіне ерекше көңіл бөлінді. Франция павильоны экоқала, жаңғыртылатын энергия және экологиялық көлік секілді үш өзекті тақырыпты қамтиды.

Анықтама:

Биыл Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысына 25 жыл толады. Бизнес өкілдерінің жүйелі кездесулері Қазақстан-Франция іскерлік кеңесі аясында өткізіліп тұрады.