Бақытжан Сағынтаев «Cisco Systems» компаниясының басшылығымен кездесті

29 қараша 2016, 19:43
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Cisco Systems» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында «Cisco Systems» компаниясының Қазақстандағы «ақылды» қалалар, білім беру, көлік, денсаулық сақтау, қауіпсіздік салаларындағы түрлі үдерістерді жақсартуға бағытталған бірқатар жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.