ФОТОЕСЕП: Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Орынбор облысына жұмыс сапары

14 тамыз 2016, 03:54
Оренбургская область, Россия
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Кәрім Мәсімов Орынбор облысына жұмыс сапарымен барды. Әлеуметтік-экономикалық саладағы шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері және мәдени байланыстарды дамыту кездесулер мен талқылаулардың негізгі тақырыбы болды. Орынбор, 13 тамыз 2016 жыл. 

ҚР Премьер-Министрін Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг қарсы алды.

 

Кәрім Мәсімов «Орынбор газпром өндіру» зауытының технологияларымен танысты.

ОГӨЗ жұмыс жасайтын негізгі ресурстардың бірі Қарашығанақ кен орнының газы болып табылады. Орынбор зауытында қазақстандық газды өңдеу 2007 жылдан бастап жыл сайынғы 8 млрд жуық текше метр жеткізу көлемімен жүзеге асырылып келеді.

 

 

Кәрім Мәсімов Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергпен және іскерлік топ өкілдерімен шекара маңы ынтымақтастығын дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылады.