Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен шекаралас өзендер мәселелерін талқылайды

08 тамыз 2016, 23:22
Атырау облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Кәрім Мәсімов өзінің ресейлік әріптесімен шекаралас өзендердің өзекті мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Кәрім Мәсімов Twitter-де жазды.

«Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д. А. Медведевпен алдағы кездесуде шекаралас өзендер мен Жайықтың табанын тереңдету мәселелерін талқылаймын», - деп жазды Қазақстан Премьер-Министрі Атырауда ҚР балық өнеркәсібін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары бойынша кеңестен кейін Twitter-дегі жеке аккаунтында.

ЕАЭО елдері үкімет басшыларының кездесуі Сочиде 12 тамызда өтеді.