Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Н.Ермекбаев пен И.Баринов Қазақстан мен Ресейдің этносаралық қарым-қатынасындағы ынтымақтастығын дамытуға келісті

11 қараша 2016, 13:45
Фото: МДРГО РК

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев РФ Ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігінің басшысы Игорь Бариновпен кездесу өткізді.

Кездесу кезінде Н. Ермекбаев Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі туралы баяндап берді.

Өз кезегінде И. Баринов министрді Ресей Федерациясы Ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігінің қызметімен таныстырды.

Кездесу қатысушылары діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Ресей Федерациясы Ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігі қызметтерінің өзара қызығушылық туғызатын бағыттары бойынша ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты.