Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Румыния Парламенті Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялады

19 сәуір 2017, 13:03

Бухарест қаласында Қазақстанның Румыниядағы елшісі Дәулет Батрашевтің Румыния Парламенті Сенатының Халықаралық істер комитетінің Төрағасы Кристиан Думитрескумен кездесуі өтті, оның барысында тараптар екіжақты қазақстандық-румыниялық қарым-қатынастарды және бірінші кезекте парламентаралық дипломатияны нығайту мәселелерін, бірінші кезекте ағымдағы жылы (15 шілде) екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауының 25-жылдығын мерекелеу аясында парламентаралық дипломатияны қарқындатуды талқылады.

Келіссөздерге Парламенттің Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Флорин Иордаке мен Румыния Сенатының шетелдік парламентариймен ынтымақтастық орнату бойынша Бас директоры Кристиан Бузя қатысты.

Қазақстандық дипломат румыниялық парламентарийлерді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауымен және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысымен таныстырды.

Өз кезегінде, румыниялық тарап ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Румыния Парламенті 2015 жылдың 21 желтоқсанында Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімді ратификациялағанын жеткізді.

К. Думитрескудің пікірінше, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы жаңа базалық келісім сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық әріптестіктің жаңа қырларын ашады және саяси диалогтың одан әрі дамуына оң ықпал етеді.

1/3
2/3
3/3