ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев CNPC басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

21 маусым 2017, 16:10
Фото: primeminister.kz

Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы отырысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев CNPC бірінші вице-президенті, «PetroChina Company Limited» президенті Ван Дунцзиньмен кездесті.

Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылады, оның ішінде Шымкент МӨЗ-ын жаңғырту және «Еуразия» жобасы, сондай-ақ елдің мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары бар.  

Анықтама:

CNPC Agip Caspian Sea B.V. (Италия), NEOS GeoSolutions (АҚШ), Socar (Әзірбайжан), «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ (РФ) компанияларымен қатар «Еуразия» жобасын іске асыруға қызығушылық танытты. Аталған жобаға ҚР Энергетика министрлігі бастамашы болды және ол ресурстық әлеуетін бағалау үшін Каспий маңы ойпатының тереңдеу жатқан қабаттарын геологиялық зерттеуге бағытталған.