ҚР Премьер-Министрі РФ Үкіметі өкілдерімен өнеркәсіп және АӨК саласындағы ынтымақтастықты талқылады

04 қазан 2016, 12:35
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Астанада өтіп жатқан Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді. 

РФ Үкіметі төрағасының Бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жай-күйі, транзиттік-көліктік, өнеркәсіп, АӨК салаларындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен РФ Орынбор облысының арасындағы өңіраралық байланыстардың барысы РФ Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергпен кездесуде әңгіме болды.