Н. Орманбетов  Н. Карбеновтың орнына ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды

ҚР Президенті ҚР Қарулы Күштерінде кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының келесі өкімімен Нұрлан Жанайдарұлы Карбенов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу