Павлодар облысындағы аудан жолдарын жөндеуге 2014 жылы 5 млрд теңге бөлінді

Павлодар облысында аудандық маңыздағы автожолдарды жөндеуге 2014 жылы 5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады бүгін Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев ОКҚ брифингі барысында.

«Көліктік инфрақұрылымды дамытуда автожолдар жөндеуді біз жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі етіп белгіледік. Биылғы жылдың өзінде 5 млрд теңге бөлінді, ол алдыңғыға қарағанда 1,4 есе артық. Бұл автомобиль жолдарының 231 шақырымын жөндеуге мүмкіндік берді», - деді Қ.Бозымбаев.

Әкім сондай-ақ облыста көліктік-логистикалық кешенде бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Астана - Павлодар –Өскемен автожолыны құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Ертіс өзені арқылы көпір өткел салынып жатыр, ол Павлодар мен Ақсу арасында жолды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Бұл жобаны жүзеге асыру біздің облысымызда Павлодар-Ақсу бірыңғай агломерациясынжүзеге асыру перспективаларын ашады», - деп толықтырды Қ.Бозымбаев.

Ол тағы бір маңызды жоба – республикалық маңыздағы Омск – Майқапшағай автомобиль жолын жөндеу екенін атап өтті. Бқл жолдың ұзындығы облыс территориясы бойынша 385 шақырымды құрайды. Бұл жол халықаралық транзиттік дәліз болып табылады, ол Ресей Федерациясының үш өңірін, Қазақстанның екі облысын және Қытай Халық Республикасы аумағын өзара жалғайды.

«Өзен көлігінің дамуына жеке тоқталып өткім келеді, әзірге ол толық бағаланбай отыр. Атырауды өткен XI өңіраралық шекаралық форум аясында біз Ресейдің Омск облысымен Ертіс өзеніндегі өзенде кеме жүзудің транзиттік-көліктік дәліздерді дамыту бойынша келісімге қол қойдық. Егер Ресей тарапынан қажетті жұмыс жүргізілетін болса, бұл біздің кәсіпкерлерге шиыршық тас, құм, тұз, көмірді үлкен көлемдермен экспорттауға мүмкіндік береді. Ал, Ресейден облысқа ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және тасымалдаудың төмен бағасымен басқа да тауарларды әкелуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті өңір басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, өзен көлігі жұмысын жандандыру туризм мен өзен жолаушылар кеме жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Қазақстандық туристік қауымдастық өкілдерін тарту үшін біз Павлодар облысының туристік кластері шеберлік жоспарын жасадық. Өңірдегі туризм алты бағыт бойынша дамиды: экологиялық, емдеу-сауқтыру, өзен, мәдени-танымдық, балалар-жасөспірімдік және іскерлік», - деп нақтылады әкім.

Туристік кластер негізі Баянауыл ауданы болады деп жоспарланған, оған жыл сайын 150 мыңнан астам турист барады. Бұдан өзге, Баянауыл қаласында Маралды, Қалатұз және Қызылтұз емдік тұзды көлдерінің мүмкіндіктері зерттеліп, туристер қабылдау үшін қажетті инфрақұрылым жасалған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу