Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты

Бейсенбі, 14 Қаңтар 2021, 16:44:46

Жиынды ашқан Елбасы фракция депутаттарын кезекті Парламент сайлауында «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуімен тағы да құттықтады. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Біз жұртшылықтың сенімін ақтауымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерге қол жеткізу үшін фракция депутаттары барын салуға тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бойынша партия жұмысының нәтижелеріне тоқталды.

«Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін біздің нақты жоспарымыз бар, ресурс та жеткілікті. Осы жолда Парламенттегі ең үлкен фракция ретінде басты жауапкершілік сіздерге жүктелетін болады. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін аянбай еңбек етесіздер деген сенімдемін. Баршаңызға белгілі, депутаттар құрамы біршама өзгерді. Жаңа адамдар жаңа идея әкеледі және Парламенттің қызметіне тың серпін береді деп санаймын», — деді Партия Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістің жетінші шақырылымының жұмысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор екенін атап өтті.

«Өткен сайлауда жұртшылық біздің партиямызға үлкен сенім білдірді. Халықаралық байқаушылар қазақстандықтардың жоғары белсенділігі мен ұйымшылдығын атап өтті. Сайлау ашық әрі демократиялық талаптарға сай өтті. Осы жолы да «Nur Otan»-ның нақты істер партиясы екенін дәлелдей аласыздар деп кәміл сенемін», — деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мәжілістің өткен шақырылымының жұмыс нәтижелеріне тоқталып, Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері қоян-қолтық жұмыс істегенін айтты.

«Фракцияның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін бірнеше міндетті шешкен жөн. Біріншіден, депутаттар Үкіметпен бірлесе отырып, жұртшылық тарапынан қолдау тапқан партияның сайлауалды бағдарламасының нәтижелі жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, депутаттар бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды күшейтуге тиіс. Үшіншіден, барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайтқан абзал. Депутаттар тұрақты түрде тұрғындармен кездесіп, азаматтарды қоғамдық қабылдауларда қабылдап отыруы қажет», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында «Nur Otan» партиясының Төрағасы жетінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулинді ұсынды. Депутаттар Елбасы ұсынысын бір ауыздан қолдады.

Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Конституцияға және «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға сәйкес фракция депутаттары Мәжіліс Төрағасы, оның орынбасарлары мен Парламенттің төменгі палатасының тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымына кандидаттарды ұсыну және бекіту процедурасына қатысуы керек екенін атап өтті. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің басшылық лауазымдарына кандидатураларды талқылауды ұсынды.

Отырыс барысында Мәжілістегі басшылық лауазымдарға кандидаттарды ұсыну бойынша фракцияның ортақ ұстанымы әзірленді. Оған сәйкес Мәжіліс Төрағасы қызметіне Н.Нығматулин, Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары қызметіне П.Казанцев пен Б.Кесебаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне Ж.Нұрманбетова, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне Қ.Мусин, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметіне М.Құсайынов, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне А.Құспан, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы қызметіне А.Рау ұсынылды.

Сонымен қатар Елбасы болашақ Премьер-Министрдің кандидатурасы туралы айтты.

«Менің ойымша, сабақтастықты сақтаған жөн. Қиындықтарға қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Өзге елдермен салыстырғанда біз жақсы нәтиже көрсеттік. Егер Президент Мамин Асқар Ұзақбайұлын ұсынса, онда мен сіздерден оның кандидатурасын қолдауларыңызды сұраймын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті жиынға қатысушыларды тағы да өткен сайлаудағы айқын жеңіспен құттықтап, фракция депутаттарына табысты жұмыс тіледі.

 «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы әрдайым Парламенттегі жетекші саяси күш болып келеді. Алдағы уақытта да солай боларына сенімім мол», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Жаңалықтар тізбегі
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.