Қазақстанның 40 ғылыми жобасы 900 млн теңгеге дайын өнімді жүзеге асырды

15 тамыз 2016, 23:57
Фото: forbes.kz

Ұлттық ғылым академиясы ғалымдарды ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға белсенді қатысуға шақыруда. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ұлттық ғылым академиясының президенті Марат Жүрінов мәлімдеді.

«Қазақстанның ғылым саласында коммерцияландырудың табысты үлгілері бар, ол әлеуетті коммерциялық маңызды көрсетті. Соңғы жылдары 65 жобаның  40 жобасы 900 млн теңгенің дайын өнімінің сатылымына қол жеткізді», - деді ол.

Ұлттық ғылым президентінің айтуынша, «Азық-түлік инновацияларын ынталандыру» жобасын іске қосу  қарастырылған. Гранттар үздік қазақстандық ғалымға, жас зерттеушілерге және кәсіпкерлерге беріледі. Грантты ұсыну уақыты 3 жыл. Гранттың көлемі жоғары ғылыми қызметкерлер үшін - 230 млн теңге, кіші топтағылардағы қызметкерлерге -180 млн теңге.

«Қазақстандық ғалымдардың  белсенді ұстанымының нәтижесінде біз ғылымды әлемдік деңгейге шығарамыз», - деді М.Жүрінов.