2016 жылы «Болашақ» бағдарламасымен 700 стипендия бөлінді

15 тамыз 2016, 23:54
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

2016 жылы «Болашақ» бағдарламасымен 700 стипендия бөлінді, өткен жылға қарағанда 100-ге артық.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлімдегендей, биыл «Болашақ» бағдарламасының жұмыс жасап жатқандығына 23 жыл толды. Осы уақыт аралығында 12 мыңнан астам гранттар берілді. Шетелде білім алған 9 мың азамат елге оралды. Қазір 1 500 студент шетелде оқып жатыр. Қалған 1 200 адам стипендиядан айырылып қалған немесе өз еркiмен бас тартқан.

Бұдан бөлек, келесі жылдан бастап ауыл мұғалімдеріне жеңілдіктер қарастырылмақшы. Сондай-ақ, бес жыл елде жұмыс iстеу талабы да ауыл мұғалiмдерi үшін өзгертілуі мүмкiн. Қазiр бұл мәселе шешiлiп жатыр.

Жалпы, 2016 жылы 700 стипендия бөлiнген. Жылдың басында 137 стипендияның иегері анықталса, маусым-шiлде айларында екiншi кезең бойынша құжаттар қабылданған.

«400-ден астам өтiнiш түстi. Соның 176-ы стипендия иегерi атанды. Көпшiлiгi магистратура мен докторантураға баратын болады. Қалған 70-ке жуық азамат тағылымдамадан өтедi. Барлығы бүкiл кезеңдерден сәттi өттi», - деді Ғ.Нығметов.

Ал үшінші кезең бойынша құжаттар 30 қыркүйекке дейін қабылданып, қорытындысы желтоқсанда шығарылады.