Қазақстандағы талапкерлер көбіне техникалық мамандықтарды таңдайды

04 тамыз 2016, 20:48

2016 жылы Қазақстанда талапкерлер арасында техникалық мамандықтарға үлкен конкурс байқалуда.

ҚР БҒМ мәліметінше, 2016 жылы педагогикалық мамандықтарға "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" жобасы аясында 1280 грант бөлінді, сонымен қатар, 22 ЖОО-на квоталы 3162 грант бөлінді.

БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының м.а. Гүлзат Қабенова айтып өткендей, ағымдағы жылы талапкерлер арасында техникалық мамандыққа үлкен бәсекелестік байқалады.

«Қазақ бөлімінде көп бәсекелестік - «Геодезия және картография» - бір орынға 7 адам, «Материалды жүргізу және жаңа материалдың технологиясы» - 5 адам, «Ақпараттық жүйе» - 4 адам, «Электроэнергетика» - 4, «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» - 3 адамнан астам. Орыс бөлімінде «Геодезия және картография» - 6 адам, «Ақпараттық жүйе» - 4, «Электроэнергетика» - 4, «Биотехнология» - 3 адам бір орынға таласуда», - деді Г.Қабенова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында.

Осылайша, көрсетілген мамандықтарға орташа алғанда бір орынға 2-ден 7 адамға дейін таласады. Осындай бәсекелестік «Ауыл шаруашылық» мамандығында да байқалады.

«Қазақ бөліміндегі «Орман ресурстары және орман шаруашылығына» - бес адам, «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» - үш адам, «Аграрлық техника және технологиялар» - үш адам, «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» - шамамен 2 адамнан келеді. Орыс бөлімінде «Орман ресурстары және орман шаруашылығына» - 3, «Аграрлық техника және технологиялар» - 2, Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» - 2 адамнан келеді», - деді ол.

Сонымен қатар, дәстүр бойынша келесідей мамандықтарға бәсекелестік сақталған, халықаралық қатынастар – бір орынға 22 адам, «Аударма ісі» - бір орынға 13 адам, «Құқытану» - 12 адам. Ал келесі мамандықтарға бәсекелестік аз байқалады, олар, «Екі шетел тілі: неміс тілі», ол жерде бәсекелестік 0,09-ды көрсетті, «Француз тілі» бөлімшесі - 0,18, «Қоғаммен байланыс» - бір орынға 0,2 адам.

Педагогикалық мамандықтарға байланысты бәсекелестікке келетін болсақ, онда бір орынға үш адам талпынады. «География» мамандығы бойынша бір орынға 28 адам, «Алғашқы әскери дайындық» мамандығы бойынша – бір орынға 28 адам, «Музыкалық» - 18, «Бейнелеу өнері және сызу» - 14, «Педагогика және психология» - 12. Егер орыс бөлімдерін қарастыратын болсақ, «География» мамандығы бойынша - 18 адам, «Алғашқы әскери дайындық» мамандығы бойынша – 15, «Педагогика және психология» - 15, «Бейнелеу өнері және сызу» - 11 адам.