Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында білім беру саласындағы МЖӘ жобаларының іске асырылуымен танысты

28 маусым 2017, 13:20
Қызылорда облысы

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларының іске асырылу барысымен танысты.

«Нұр Шұғыла» балалар бақшасын мысалға ала отырып, Бақытжан Сағынтаевты мектепке дейінгі мекемелердің құрылысына жеке инвестициялар тарту мен мемлекеттік тапсырысты үлестіру шаралары туралы ақпараттандырды. Үкімет мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығын кеңейту мақсатымен қайта реттеу, әкімшілік кедергілерді жою және салық пен әкімшілік заңнаманы жетілдіру бойынша шараларды қабылдап жатыр.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында білім беру саласында МЖӘ аясында 3 жоба іске асырылған. Осы жылдың соңына дейін МЖӘ-нің қосымша 2 келісімшартына қол қою жоспарда бар.

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев «Арай» спорт-сауықтыру кешеніне барды, онда облыстағы сервистік қызметтердің дамуымен танысты.