ҚР БҒМ технологияларды коммерциялауға гранттық қаржыландыруды арттыруды жоспарлап отыр

22 желтоқсан 2014, 23:05

Қазақстанда технологияларды коммерциялауға гранттық қаржыландыруды арттыру жоспарланған, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкіметтік сағат барысында білім вице-министрі Такир Балықбаев.  

«ҚР-да қаржыландырудың 80-85% іргелі қолданбалы зерттеулерге, шамамен 15% тәжірибелі құрылымдық жұмыстарға бөлінеді. Әлемде басқаша практика, қаражаттың 60-65% құрылымдық әзірлемелерге жұмсалады, бұл тәсіл қолдау тапты, сондықтан нақты коммерциялауға гранттарды, оның ішінде патент беруді қаржыландыруды арттыруды жоспарлап отырмыз», -деді Т.Балықбаев. 

Ол қазіргі уақытта Білім министрлігі Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықта технологияларды коммерциялау саласында 30 жобаны жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Бұл мақсаттарға, вице-министрдің айтуынша, 6 млрд теңгені құрады. Аталған көлемнен 10 жоба өндіріске қосылған. 

Бұдан өзге, ведомство басшысының орынбасары Қазақстанда ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау бойынша
заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты.