10 мыңға жуық талапкер «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасы аясында квота бойынша оқуға үміткер

04 тамыз 2016, 21:42

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасы аясында квота бойынша байқауға 9797 адам қатысуда.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасы аясында квота бойынша байқауға 9797 адам қатысуда.

«Қатысушылар арасында 2208-і «Алтын белгі» иегерлері, 303 біліктілігін растаған және кем дегенде бір жыл кәсіби тәжірибесі бар коллледж түлектері. 169 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары, 854 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпазы. 948 республикалық және халықаралық спорт жарыстары мен президент олимпиадасының 9 жеңімпазы. Олар білім беру грантын алуда басымдырақ құқыққа ие», - деді Ерлан Сағадиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ауыл жастары арасында шыққан азаматтар үшін қабылдау квотасы бекітілген.

«Байқауға 492 жетім балалар, 363 I  және II топтағы мүгедектер, жеңілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген 37 талапкер, Қазақстан азаматы болмайтын 1053 қазақ ұлтының өкілдері қатысады. Осындай санаттағы балалар үшін квота қарастырылған», - деді Е.Сағадиев.