«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қазақстанда 2016 жылы 13 мектеп пен 8 балабақша салынды

10 тамыз 2016, 21:51
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Қазақстанда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 13 мектеп пен 8 балабақша салынды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарын салуға 57,9 млрд теңге бөлінді, соның аясында 96 нысан салынып жатыр, оның ішінде 77 мектеп және 19 балабақша», - деді «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындыларын таныстырған Б.Асылова.

Оған қоса, ол 13 мектеп пен 8 балабақша биыл салынғанын айтып өтті. 

«21 білім беру нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 13 мектеп (ОҚО-да – 7, Қызылорда облысында – 2, Ақтөбе, Маңғыстау, ШҚО, СҚО-да – бір-бірден), 8 балабақша, оның екеуі – Алматы облысында, бір-бірден – Қарағанды, Маңғыстау, СҚО, ОҚО-да және Алматы қаласында)», - деп нақтылап айтып өтті білім вице-министрі.