Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2015 жылы ҚР-да 157 жаңа мектеп ашылады - А.Сәрінжіпов

26 тамыз 2015, 21:11

Ағымдағы жылы Қазақстанда 157 жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

«Биыл 157 мектеп пайдалануға беріледі», - деді А.Сәрінжіпов. 

Оның айтуынша, нәтижесінде үш ауысымдағы мектептердің саны 20%-ға қысқарып, 80 мектепті құрайды, апатты мектептер саны екі есеге азайып, 66-ны құрайды.

Осылайша, ағымдағы жылы 7,5 мың мектеп 2,6 млн оқушыны қабылдайды, олардың ішінде 336 мыңы - мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бірінші сынып оқушылары.

Оған қоса, ол ағымдағы жылы 250 мектепте күрделі жөндеу жүргізілгенін мәлімдеді.

«Бұдан өзге, мектептердің 85%-дан астамы ыстық тамақтандырумен қамтылады, оның ішінде тегін ыстық тамақтандырумен 436 мың бала қамтамасыз етіледі», - деп баса айтты ол. 

Министрдің айтуынша, алдағы оқу жылындағы негізгі міндет - мектептегі және мектепке дейінгі білім беруді жаңарту болып отыр.