Қазақстанда «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды

01 тамыз 2016, 22:12
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» 9-шы республикалық акциясы басталды.  Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Мәншүк Әбдікәрім мәлімдеді.

«Жыл сайын министрлік «Мектепке жол» акциясын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде өткізеді. Биыл акция Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған. Жыл сайын аталмыш акция аясында 300 балаға көмек көрсетіледі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті органдар 318 026  оқушыны қамтыды, олар 2 млрд теңге көлемінде материалдық көмекке ие болды», - деді М.Әбдікәрім.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы материалдық көмекке ие болған балалар саны 2014 жылмен салыстырғанда 20 мың адамға өсті. Бұл Қарағанды және Ақмола облыстарында орын алған табиғи апаттарға байланысты болып отыр.

«Бұл акция аясында ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп рейдтік шаралар өткізіліп тұрады. Рейдтік шаралар  көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтауға бағытталған. Өткен жылы 50 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 3 588 кәмелетке толмаған бала көмекке мұқтж болып шықты», - деді ол.

Айта кетейік, жыл сайын 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бұл қайырымдылық шара әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетуге бағытталған. Акция  елдің барлық аймақтарында өткізілді. 8 жыл ішінде 2 млн астам бала қажетті көмекке ие болды. Биыл акция «Бақытты балалық мекені» ұранымен өткізілуде.