Қазақстанда біріктірілген мәліметтер базасы жұмыс жасай бастайды

28 ақпан 2017, 13:20
Фото: primeminister.kz

Наурызда қазақстандық педагогтар дәстүрлі көктемгі аула бойынша қарап шығу жүргізбейді. Бұл ӘМ, ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі және БҒМ-нің туынды мәліметтер базасын біріктіру арқылы мүмкін болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Білім беру заңына сәйкес білім беру жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға мониторинг жүргізу енгізілген болатын. Осы норманы іске асыру мақсатында БҒМ бұйрығы шықты, соған сәйкес 100 мыңнан астам мұғалім жылына екі рет үйлердің аулаларын қарап шығатын.

«Бұрын бұл қоғамдық негізге сүйеніп өтетін, оған ақша төленбейтін, осыған қатысты жағымсыз ақпарат көп болатын», – деді министр.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Е. Сағадиевтің сөзін толықтырып өтті.

«Мұндай біріктірілген база болмағанда, ақпараттандыру болмаған кезде, бұл ақпарат өзекті болатын. Бізге заманнан қалмау керек», – деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасы жоғары деңгейде жұмыс жасайды. Туған бетте балаға ЖСН беріледі және оның өмірінің барлық деңгейлері қадағаланады. Бұдан бөлек, ұлттық білім беру мәліметтер базасы және ІІМ мәліметтер базасы бар. Вице-министр осы базаларды біріктіру бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Аталған жүйеге қосылуға Денсаулық сақтау министрлігі де ниет білдірді. Себебі, ақпарат МӘМС енгізу үшін пайдалы болмақ.  

Білім және ғылым министрлігі таяу уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірге бұйрық қабылдауды жоспарлап отыр.

«Наурызда біздің мұғалімдеріміз аулаларды араламайды, бұл оларға түсетін жүктемені едәуір азайтады», – деп түйіндеді Б. Асылова.