Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытуға биыл 87 ЖОО құқық алды – ҚР БҒМ

04 тамыз 2016, 20:11

Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытуға биыл 87 ЖОО құқық алды, оның ішінде 31 702 грант бөлінеді.

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытуға биыл 87 ЖОО құқық алды, өткен жылы еліміздің 112 азаматтық ЖОО-ның 64-і алған болатын. Бұл ЖОО-дарының тізілімі институционалды мамндандырылған аккредиттеуді, материалдық техникалық базаны, кадрлық әлеуетті және білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтінгтегі позициясын ескере отырып конкурс негізінде анықталады.   

«Биыл  31 702 грант бөлінді, оның ішінде 2 950 орын ЖОО-дарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант оқытудың күндізгі формасы бойынша 1-курсқа қабылдауға арналған. Биыл мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына бағытталған», – деп мәлімдеді Е. Сағадиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында.

Осылайша, аталған басымдықтарды ескере отырып, 12 мың грант техникалық және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңы – педагогикалық, 2690 грант ауыл шаруашылық және ветеринарлық мамандыққа, 3 мың грант медициналық салаға бөлінді.

ҚР БҒМ мәліметінше, биыл елiмiзде ұлттық бiрыңғай тестiлеуге 84 041 оқушы қатысып, 69 789 адам немесе 83% сынақты сәттi тапсырған. Орташа балл - 81,2.  Ал 74 881 адам кешендi тестiлеуден өтiп, олардың 27 743-i немесе 37%, шектi бал жинады және орташа балл 39,9 құрады. Осылайша, ұлттық бiрыңғай тестiлеу мен кешендi тестiлеу қорытындысы бойынша 97 532 адам жоғары оқу орындарына түсу құқығына ие болды. Бiлiм гранттарын тағайындау конкурсына 59 677 адам қатысып жатыр. Оның iшiнде 47 342 адам немесе 80 пайызға жуығы қазақ тiлiнде, 12 335 адам орыс тiлiнде оқуға ниет білдірді.