Қазақстан Парламенті 2012 жылға республикалық бюджетті орындау туралы ҚР Үкіметінің есебін қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2012 жылға республикалық бюджетті орындау туралы Үкімет есебі бекітілді.

Қабылданған құжат қортындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов қортынды сөз сөйледі.

"ҚР Үкіметі жаңа бюджеттік саясат Тұжырымдамасында көрсетілген бюджеттеудің жүйелік мәселелерін шешу бойынша жұмыс жүргізуде, сіздердің бюджеттік процедуралардың тиімділігін арттыру бойынша ескертулеріңіз ескеріледі", - деді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов депутаттық корпусқа айтқан сөзінде.

«Әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша да үлкен жұмыс жүргізілуде, оның негізгі әдістері әзірленіп жатқан әлеуметтік жетілдіру Тұжырымдамасында белгіленген. Онда еліміздің барық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер, мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі қарастырылған», - деп жалғастырды өз сөзін С.Ахметов.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет алдағы зейнетақыны жетілдіру тұжырымдамасын қалыптастыру бойынша жұмысты бастады. Күзге қарай Үкімет аталған жобаның тұжырымдамасын ұсынады", - деді С.Ахметов.

Әрі қарай, ол осы аптада Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 қабылданғанын, онда «сіздердің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыздың, және де алдыңғы Жол картасын жүзеге асыру тәжірибесі ескерілгенін» атап өтті.

Сонымен қатар, Үкімет Басшысының айтуынша «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады, 2013 жылы 6,6 млн. шаршы метр тұрғын үйді, ал 2014 жылы 7 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үйді тапсыру жоспарланған.

«Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Индустрияландырудың 2-ші бесжылдығының бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталған, оның шеңберінде кластерлік бастамаларды ескере отырып инновациялық үлгідегі кәсіпорындарды құру қарастырылған», - деп жалғастырды С.Ахметов.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жүргізілуде. Бұл өте маңызды бағдарлама, біз оны қазір мұқият қараудамыз, өйткені өздеріңіз де түсінесіздер, инфрақұрылымды дамыту көп шығынмен байланысты, әрине, бұл жалпы алғанда көліктік-транзиттік және көліктік-логистикалық инфрақұрылым құрылысын және жетілдіруін қарастырады», - деп атап өтті ол өз сөзінде.

Сонымен бірге, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Агробизнес - 2020» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда.

«Мемлекеттік басқарудың тиімді шараларын қолдану нәтижесінде АӨК-дегі бизнесті дамытуға қолайлы жүйелік жағдайлар жасалады», - деп атап өтті Премьер-Министр.

«Сіздердің қойған сауалдарыңыз бен көтерілген тақырыптарды мемлекеттік органдар зерттейді, сосын Үкіметтің мәжілістерінде талқыланатын болады», - деп қортындылады Серік Ахметов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу