2021 жылы халық санағы онлайн және офлайн форматта өткізіледі — ҚР СЖРА

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 26 қаңтарда өткен кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Бұл тапсырмалардың орындалуы туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов баяндады.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне осы тәсілдерді әзірлеу кезіндегі негізгі міндеттердің бірі оның тиімділігін күшейту болды. Мәселен, бірінші деңгейдегі құжаттар елдің ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдегі даму пайымын айқындайтын болады. Қазақстан 2050 стратегиясы мемлекет дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын елдің түйінді құжаты.

Осыған байланысты ұзақ мерзімді құжатты іске асыру үшін жалпыұлттық басымдықтар құралы енгізілетін болады, ол Қазақстан 2050 Стратегиясының пайымын неғұрлым қысқа аралықтарда (2025 жылға дейін) іске асыру үшін негізгі басымдықтарды біріктіретін және айқындайтын бірыңғай және инклюзивті платформа болады.

«Ұлттық даму жоспары, аумақтық даму жоспары, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік стратегиясы орталық және өңірлік деңгейлерде де мемлекеттік аппараттың мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын болады. Аумақтық даму жоспары елдің әрбір өңірінің бәсекелестік артықшылықтарын ашуға бағытталатын болады», — деді Қ. Келімбетов. 

Оның айтуынша, ұлттық жобалар құралы енгізілетін болады, ол жобалық тәсілге сәйкес барлық сипаттамаларға ие болады.

Екінші деңгейдегі құжаттар өңіраралық мәселелер бойынша да, салалар мен салалар арасындағы мәселелер бойынша да жүргізілетін саясатты айқындайтын болады.

Үшінші деңгейдегі құжаттар іске асыру құжаттары болады.

Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың даму жоспарлары, Өңірлерді дамыту жоспарлары жоғары тұрған құжаттардың міндеттерін іске асыру жөніндегі тетіктерді көрсететін болады.

Осылайша, Қазақстан – 2050 жалпыұлттық басымдықтары мен пайымын орындауға тоғыстырылатын үш деңгейдегі барлық құжаттар арасындағы нақты өзара байланыс қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты, Үкіметтен мемлекеттік жоспарлау жүйесін Үкімет қаулысы түрінде бекітуі тиіс.

«Жалпы, жалпыұлттық басымдықтар үш бағыт: институттардың сапасы, азаматтардың әл-ауқаты және қуатты экономика бойынша 10 негізгі басымдықты қамтиды. Қазіргі уақытта Президент Жарлығының жалпыұлттық басымдықтар жөніндегі жобасы мемлекеттік органдардың келісуінде тұр. Жалпыұлттық басымдықтар туралы Жарлық жобасын 2021 жылғы 10 ақпанға дейін қол қоюға енгізу орынды деп санаймыз», — деді ол.  

2020 жылдың қазан айынан бастап агенттік Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеуге белсенді қатысты. Ұлттық даму жоспарының жобасы елдің экономикалық өсуін жеделдетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орта мерзімді кезеңдегі елдің жаңа экономикалық бағытының негізгі параметрлерін қалыптастырады.

Бұл ретте Ұлттық Жоспар мемлекеттік жоспарлаудың бірінші деңгейінің құжаты бола отырып, тиісті салаларда ұлттық жобаларды әзірлеу үшін базис және негіз болады. Осыған байланысты Қ. Келімбетов 2021 жылғы 10 ақпанға дейін ұлттық даму жоспарын бекіту туралы Президент Жарлығының жобасын енгізу орынды болатынын атап өтті.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарының бірі Ұлттық жобалар болады. Жобалардың негізгі критерийі нәтижесінде азаматтардың өмірін оң өзгертуді қамтамасыз ететін елдің бүкіл аумағына, экономикасына, әлеуметтік жүйесіне ықпал ету болады.

Ұлттық жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекіту орынды деп атап өтті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы. Оның айтуынша, жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлықтың жобасын Президенттің қол қоюына 2021 жылғы 1 наурызға дейін енгізу маңызды, бұл жобаларды әзірлеу процесін бастауға мүмкіндік береді.

«Үкімет ағымдағы мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі жобаларға көшіру мақсатында оларға бағалау мен талдау жүргізуді орынды деп санаймыз. СЖРА осы мәселе бойынша әдіснамалық қолдау көрсетуге дайын. Атап айтқанда, жобаны Ұлттық жобалық кеңсенің тұрақты қатысуымен әзірлеуші мемлекеттік органдар әзірлейтін болады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жобалар бойынша қорытынды қалыптастыру шеңберінде мұндай жобалардың жалпыұлттық басымдықтарға сәйкестігін қамтамасыз етеді», — деді Қ. Келімбетов. 

ЦДИАӨМ цифрлық трансформация орталығы арқылы Data driven Government платформасы шеңберінде толық цифрлық жарақтандыруды және өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Агенттік Ұлттық жобаларды әзірлеу бойынша әдістеме дайындауда, ол жақынада Үкіметке келісуге жіберіледі.

Жобаларды тез арада әзірлеу қажеттілігін назарға ала отырып, СЖРА әдістемені 2021 жылғы 15 ақпанға дейін қарауды және келісуді ұсынады.

Осыған байланысты Агенттік Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, 2021 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы үшін бірқатар семинарлар өткізеді.

Қ. Келімбетовтің айтуынша, мемлекеттік басқару мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жаңа тәсілдерді табысты имплементациялаудың негізгі бөлігі ретінде саналатыны анық.

Осылайша, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жаңа тәсілдерді табысты енгізу мақсатында «түбір жүйелер» негізінде мемлекеттік басқару жүйесін реформалау аса маңызды. Осы бағыттағы трансформацияның негізгі қағидаты «адам орталығы» болады. 

Жаппай цифрландыру, оның ішінде Data Driven Government платформасын енгізу арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жақсартудың негізгі элементіне айналады және тиісінше мемлекеттік жоспарлау жүйесінің табысты және келісілген қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдады, оны 2021 жылғы 10 ақпанға дейін қол қоюға енгізу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік басқарудың 5 іргелі қағидатын басшылыққа алатын болады.  Біздің мемлекетіміз «халық үніне құлақ асатын», тиімді, қоғамға есеп беретін, кәсіби және прагматикалық болуға тиіс.

Мемлекеттік басқарудың сервистік моделіне көшу үшін мемлекеттік аппараттың алдына 9 негізгі міндет қойылды. СЖРА  осы тұжырымдаманы іске асырудың егжей-тегжейлі жоспарын таяу арада, ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін әзірлеуді тапсыруды ұсынды.

ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің шешіміне сәйкес ұлттық санақ биыл жүргізіледі.

«2021 жылғы ұлттық халық санағының жаңалығы қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандырудың енгізілуі. Енді популяция туралы мәліметтерді жинау процесі екі жолмен жүзеге асырылады. Бірінші әдіс sanaq.gov.kz арнайы сайтында интернет-сауалнама жүргізу, ол виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттерге орналасқан жеріне қарамастан өздігінен санақ жүргізуге және өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Екіншісі - қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі жаппай аралау онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады. Бұл шараларды қазан айында өткізу жоспарланған», — деді СЖРА төрағасы.  

Жаппай аралау кезінде интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы жаңашылдық, олар кейін тиісті өңірлердегі мектептерге беріледі. Үй-үйді аралау а.ж. 1-30 қазан аралығында өтеді.

Ұлттық санақты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың төрағалығымен арнайы комиссия құру туралы өкім жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктеріне келісуге жіберілді. Арнайы комиссияның бірінші отырысын ағымдағы жылдың 10 ақпанында өткізу ұсынылады.

Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің тапсырмаларын іске асыру мақсатында мынадай негізгі күндерді бекіту ұсынылады: 2021 жылғы 10 ақпанға дейін Үкімет бекіткен жалпыұлттық басымдықтар, Ұлттық даму жоспары туралы жарлықтарды, Мемлекеттік басқару тұжырымдамасын ҚР Президентіне қол қоюға енгізу. Тұжырымдаманы іске асырудың егжей-тегжейлі жоспарын 2021 жылғы 1 наурызға дейін бекіткен жөн.

Ұлттық жобалардың тізбесін Президенттің Жарлығымен 2021 жылғы 1 наурызға дейін бекіту, ал жаңа ұлттық жобаларды 2021 жылғы 15 сәуірге дейін әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға көшіру тұрғысынан оларға талдау жүргізу ұсынылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу