фоторепортаж
ҚР Премьер-Министрінің
Ақмола облысына жұмыс сапары
4 тамыз 2017
фоторепортаж
ҚР Премьер-Министрінің
Ақмола облысына жұмыс сапары
4 тамыз 2017
Биыл 4 тамызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді іске асыру барысымен танысты.

Бақытжан Сағынтаев өңірге келген соң бірінші кезекте «Есіл Агро» ЖШС сүт-тауар фермасына барды, онда ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық ерекшеліктерімен және кәсіпорынды одан әрі дамыту келешегімен танысты.

Фермада Бақытжан Сағынтаевқа дайын өнімдер көрмесі ұсынылды, сонымен қатар мұнда өндірістік қуаттылықты екі есеге дейін ұлғайту және сауын табынын 2 400 басқа дейін жеткізу көзделіп отырғаны туралы ақпарат берілді.

Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаев «Есіл Агро» ЖШС егістігінде болды, онда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның егін жағдайы туралы баяндамасын тыңдады.

Бақытжан Сағынтаев облыстың туристік әлеуетін дамыту жұмыстарын бағалау үшін бірқатар спорт және инфрақұрылым нысандарын аралады.

Премьер-Министр Щучинск қаласында жаңа республикалық шаңғы спорты базасының құрылыс орнында болып қайтты. Онда ол құрылыс барысымен танысып, атқарылатын жұмыстардың кезеңдері мен жұмысты аяқтаудың жоспардағы мерзімдері туралы баяндаманы тыңдады.

Нысанның ғимараттар мен құрылымдар кешені 140,5 га аумақта орналасқан. Оның әзірлігі 90% құрайды. Базаға қар трассасын дайындауға арналған жабдықтар мен техника келіп түсті. К-90 және К-125 трамплиндері +74 метр деңгейіне дейін салынған және қазір екпін алуға арналған төбешіктер эстакадасының тірек құрылымдары, баспасөз орталықтары, трибуналардан жерге қону орнын жарақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа республикалық шаңғы спорты базасында шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғы-роллер спорты бойынша жаттығулар мен халықаралық жарыстар өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар Премьер-Министр Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шипажайлық-курорттық нысандарымен және көрікті жерлерімен танысты.

ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес туристік әлеуетті дамыту елімізде экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру кезінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осыған орай Үкімет өз жұмысында аталған бағытқа ерекше көңіл бөледі.

Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесте осы саладағы барынша перспективалық бағыттар мен жобалар талқыланды.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нұржан Әлтаев жалпы туристік саланы және Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамыту шаралары туралы баяндамаларымен таныстырды.

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қайрат Балықбаев қозғалған тақырыптар бойынша түсініктемелер беріп өтті.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда экономиканың үшінші жаңғыруы іске асып жатқанын атап өтті. Оның аясында өсімнің жаңа моделі қалыптастырылуда. Дегенмен, әлемнің ең үздік дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін базалық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудан өзге, экономиканың басқа да перспективалық салаларын жақсарту қажет, олардың ішінде туризим мен сервистік қызметтер бар.

Бұл үшін, Премьер-Министрдің айтуынша, қажетті инфрақұрылымды дамытып, қызмет көрсету деңгейін арттыру қажет. Үкімет тарапынан осы бағытта қажетті кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, соның ішінде Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2020 жылға дейінгі кешендік жоспары әзірленді.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға аталған ұсыныстарды жинақтап, облыстың туристік кластерін дамытудың қолданыстағы бағдарламасына өзгерістер енгізу кезінде ескеру тапсырылды.

Премьер-Министрдің «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен өткен дәстүрлі кездесуінде облыста шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды.

Қатысушылар туристік саланы дамытуға қосымша қаражаттың бөлінуі бойынша пікірлерімен бөлісті, сауда нарықтарын жаңғырту, «БЖК-2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бюджетті арттыру, ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері кооперативтерін қаржыландыру, сонымен қатар Қазақстанда шағын индустриялық аймақтарды дамыту мәселелерін талқылады.

Кеңес барысында Өңірлік кеңес төрағасы, «Есіл» ЖШС бас директоры Қазбек Ескендіров,«Еңбек» ЖШС басшысы Қуаныш Рақышев, «Торговый дом» ЖШС бас директоры Алексей Смагин, «Новый Кокшетау» ЖШС басшысы Рустам Джангунаков, «Гормолзавод» ЖШС директоры Әсен Жақсылықов, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Мәди Елубаев, сонымен қатар «Тренд+» ЖШС құрылтайшысы Ержан Қуанған сөз сөйледі.

Қозғалған тақырыптарға орай ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев және ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов түсінік берді.

Кездесуде Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкімет жұмысының басты басымдықтарының бір болып табылатынын атап өтті. Бұл бағытта бизнес үшін қолайлы жағдайлар тудыру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде шығындарды азайту, тексерулерді қысқарту, несиелік қолдауды қайта реттеу мен кеңейту бар. Сонымен қатар, қазіргі кезде жаңа екі мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда: АӨК дамыту, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларында бизнесті қолдау тәсілдері қарастырылған.

Аймақтың бизнес саласын дамытуда облыс экономикасының перспективалық салаларының бірі ретінде туризмге ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл орайда туристік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру қажет.

Кездесудің соңында Өңірлік кеңестің мүшелері Премьер-Министрмен естелікке суретке түсті.

Күннің екінші жартысында, Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталығын аралады, онда өңір тұрғындарын еңбекпен қамтуға жәрдемдесу шараларымен танысты.

2017 жылы орталықтың жәрдемдесуімен 706 адам еңбекпен қамтылды, 90-ға жуық адам кәсіптік оқытудан өтті, 193 адам қоғамдық жұмыстарға, 51 адам – уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына және тағы 33 адам жастар іс-тәжірибесіне бағытталды.

Жұмыс сапары барысында Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы органдардың және бизнес өкілдерінің назарын басқа салалардан әлеуетті жұмыстан босаған жұмысшыларды жұмысқа қабылдай алу үшін, жаңа жұмыс орындарын, әсіресе экономика секторларында ашу қажеттілігіне аударды.

ҚР Премьер-Министрі Жұмыспен қамту орталығын аралағаннан кейін, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен «Серпін» әлеуметтік жобасын іске асыру мәселелері, бизнес ортаны дамыту, шағын несиелендіру, кәсіби және техникалық білім беру, сонымен қатар жұмыссыздарды оқыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Аталған тақырыптар бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев баяндамаларымен таныстырды.

Талқыланған тақырыптар бойынша Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова және Қостанай облысы әкімінің орынбасары Роза Кемалова түсініктеме беріп өтті.

Өз кезегінде, көтерілген мәселелер бойынша жеке сектордың позициясын «Новопэк» ЖШС басқарушы директоры Айдар Жақыпов, «Бастау-Бизнес» жобасының қатысушысы Ольга Проскурина, Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Сергей Савельев, Щучинск қ. Экология және ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Жарқынбек Амангелдиев, сондай-ақ «Серпін» жобасының түлектері Қасымжан Тұрғанбек пен бейнеконференцбайланыс режимінде Мақсұт Сейіткамал ұсынды.

Бақытжан Сағынтаев қазіргі таңда Үкімет жұмыс орындарын ашудың үлкен әлеуетіне ие жаңа индустрияларды, сервистік экономиканы және туризм саласын дамыту бойынша белсенді түрде жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Әкімдіктерге осы қызмет жолында көптеген жұмыстар атқарып, тұрақты жұмыс орындарын ашуға барынша көңіл бөлу керектігі айтылды.

ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарының соңында «Тыныс» АҚ ірі машина жасау кәсіпорнына барып, зауыттың ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында технологиялық жаңғырту жұмыстарын жүргізу әлеуетін бағалады.

Бақытжан Сағынтаев құбыр дайындап шығаратын цехты, өндірістік желілерді қарап шығып, өндіріс технологиясымен, жабдықтармен, сондай-ақ осында шығарылатын өнімдердің көрмесімен танысты.

«Тыныс» АҚ директоры Қайрат Қалманбаев ҚР Премьер-Министріне зауыттың қызметі мен технологиялық жаңғырту жұмыстарын жүргізу келешегі туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктері және жұмысшылардың әлеуеті жаңа бағыттарды игеруге және нарықтың сұраныстарына шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Зауыт өндірістік қуаттылығын ұлғайту мен шығаратын өнімдерінің түрлерін көбейтуді жалғастыруда.

«Тыныс» АҚ аралау аясында жүк автокөлігі және шынжыр табанды техникаларды күрделі жөндеу қызметтерін ұсынатын Қазақстанның ірі кәсіпорны «ҚИ – 811 Автожөндеу зауыты» АҚ шығарған арнайы әскери техника көрмесі ұсынылды.

Осымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары аяқталды.