2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 87 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейтін болады — ҚР Энергетика министрлігі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту мәселелері қаралды. 

Энергетика министрі Қ. Бозымбаев қазіргі кезде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға едәуір инвестиция салынып жатқанын жеткізді, бұған Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің біршама салмақты әлеуетінің болуы ықпал етті. 

«Жаңартылатын энергетика үлесін электр энергиясы өндірісінің жалпы көлемінде 2020 жылға қарай 3%-ға, 2025 жылы 6%-ға, ал 2030 жылға қарай 10%-ға дейін жеткізу керек, 2050 жылға қарай жалпы энергия тұтынудың кем дегенде жартысы жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесінде болуы тиіс», — деді Қ. Бозымбаев.

Энергетика министрі атап өткендей, елімізде энергетиканың жаңа секторы пайда болды, «жасыл» энергия нарығы қалыптасты. Заңда бірыңғай электр энергиясын сатып алушының - Қаржы-есеп айырысу орталығының аукциондық тариф бойынша 15 жылдық келісімшартпен жаңартылатын көздер нысандарынан электр энергиясын кепілдендірілген сатып алуы, сондай-ақ нысанды элеткр желілеріне қоусды қамтамасыз ету түрінде қолдау шаралары белгіленеді. 

«Тарифтер жыл сайын инфляция мен доллар бағамының өзгеруін ескерумен индексацияланады, энергия өндірушілер электр энергиясын жеткізуге энергия жеткізуші ұйымдардың қызметіне ақы төлеуден босатылады. Кәсіпкерлік кодексі аясында инвестициялық артықшылықтар беріледі», — деді энергетика министрі.

Министрдің айтуынша, тіркелген тарифтер жүйесі дамудың бастапқы кезеңінде «жасыл» энергия нарығын тез іске қосуға мүмкіндік берді. 

2014 жылы белгіленген қуаты 178 МВт 26 объекті болды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде қуаты 1042 МВт-ты құрайтын 87 объекті жұмыс істейтін болады.

«Жыл басынан бері 1,65 млрд кВт/сағ энергия өндірілді, оның үлесі ішкі нарықтың 2,2%-ға жуығын құрайды. 2,4 млрд кВт/ сағат түріндегі жылдық жоспарлы көрсеткіш орындалады. ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіруді арттыруы 2019 жылдың 9 айында 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 65% құрайды», — деді министр.

Қуаттарды ұлғайтуға қатысты жоспарлы жұмыстың арқасында 2020 жылдың қорытындысы бойынша жүйеде қуаты 1610 МВтты құрайтын 108 объекті жұмыс істейтін болады, ал, 2024 жылдың соңына қарай энергожүйеде кемінде 3000 МВт жаңартылатын энергия қуаты болады деп жоспарлануда. 

Қ. Бозымбаев «жасыл» энергия секторында қазір әлемнің 10 елінен инвесторлар жұмыс жасайтынын жеткізді, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Қазақстан даму банкі сияқты ірі қаржы ұйымдары Қазақстандағы алғашқы инвестициялық жоба ретінде ЖЭК нысанын — Жамбыл облысындағы 100 МВт болатын жел паркін таңдады. 

«Тағы да бір жағымды жаңалық, «жасыл» энергия секторына инвесторлар ретінде Шелл, Эни, Тоталь сияқты ірі мұнай компаниялары келді. Олар Қазақстанда жобаны іске асыру құқығына бақ сынап, жеңді. Осылайша, Қаржы-есеп айырысу орталығы жұмысын бастаған уақыттан бері жаңартылатын энергия секторына шамамен 406 млрд теңге тартылды. Салынған объектілер шамамен 81 млрд теңге салық төлейтін болады», — деді Қ. Бозымбаев.

Сондай-ақ объектілерді салу кезінде қазақстандық инженерлер, құрылысшылар және қосалқы персонал тартылады. 

Өткен жылдан бастап жобаларды іріктеу аукциондық тетік бойынша өткізіледі. Бұл соңғы тұтынушылардың тарифтеріне жаңартылатын энергия көздерін енгізуден ықпалды біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. 

2018-2019 жылдардағы халықаралық аукциондық сауда-саттықтар электрондық форматта өткізілді, онда жиынтық қуаты 1 205 МВт болатын жобалар қаралды.

Сауда-саттыққа 12 елден 138 компания қатысты. Қатысушылар белгіленген қуаты шамамен 3 900 МВт жобаларды іске асыруға өтінім берген, бұл сұраныстан 3,2 есеге артық болды. 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша 30 компания жиынтық қуаттылығы 804 МВт-қа 15 жылға бірыңғай элеткр энрегиясын сатып алушымен келісімшартқа қол қойды және 12 компания 163 МВт жиынтық қуаттылығына олармен келесімшартқа қол қою сатысында. 

Сонымен қатар, министр көптеген елдерде үй шаруашылықтары, шағын және орта бизнес деңгейінде аз ауқымды бөлінген генерация кеңінен таралғанын айтты. Елімізде Заңға сәйкес, электр энергиясы жоқ елді мекендердегі жеке тұтынушыларға қазақстандық қондырғының 5 кВт құнынан 50% субсидияны мемлекет береді. Үй шарушылығы мен бизнесті бөлінген генерацияны пайдалануға белсенді тарту үшін тұрғындарды жеке қажеттіліктері үшін «жасыл» энергияны пайдалануға экономикалық ынталандыру бойынша норманы жетілдіру, артық энергияны желіге сату, яғни net-metering мәселесін шешу ұсынылады, қаржылық құралдар қажет. 

Жаңартылатын энергия нарығымен өзара іс-қимыл туралы «KEGOC» Қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы» Б. Қажиев айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде көлемдерді арттыру қажет, ол үшін барлық индикаторлар бар. Мемлекет электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру бойынша нысаналы индикаторларды нақты айқындады. 2013 жылы «KEGOC» АҚ ЖЭК қолдау бойынша есептеу-қаржы орталығын құрды, оның мақсаты — 15 жыл бойы белгіленген тарифтер мен аукциондық бағалар бойынша электр энергиясының кепілдендірілген сатып алынуы. 

«ЖЭК қолдау тетігі іске қосылған сәттен бастап электр энергиясын сатып алулар көлемі 2017 жылғы 8 млн кВт/сағаттан 2019 жылы 1,7 млрд кВт/сағатқа дейін өсті. Болжам бойынша 2025 жылға қарай бұл сан 7,2 млрд кВт/-сағатқа жетеді», — деп түйіндеді Б. Қажиев. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу