Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Маминнің Жамбыл облысына сапары: «ЕвроХим» минералды тыңайтқыштар зауытының құрылысына $1 млрд инвестиция салады

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019, 14:48:07

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша берген тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету аясында Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. 

Сарысу ауданының Жаңатас қаласында Үкімет басшысының қатысуымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі мен әлемдегі жетекші минералды тыңайтқыштарды өндірушілердің бірі «ЕвроХим» МХК» АҚ арасында минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауытты салу және пайдалануға беру туралы инвестициялық келісімге қол қойылды.

Жобаға инвестициялар көлемі шамамен $1 млрд құрайды, зауыттың қуаттылығы — жылына 1 млн тонна тыңайтқыш. Ресурстық базасы Қаратау фосфорлы бассейнінің кен орны болады. Өндіріс технологиясы қоршаған ортаға барынша аз әсер ете отырып, яғни, фосфогипс қалдықтарынсыз жоғары сапалы фосфорлы және кешенді тыңайтқыштар шығаруға мүмкіндік береді. 

Бір мезетте жылына 120 мың тоннаға жуық кальций хлориді мен кемінде 400 мың тонна дигидрат гипсі өндірілетін болады, бұл автожол, мұнай-газ өндіру, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларының қажеттіліктерін өтейді. 

Кәсіпорынды 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған, 2000-ға жуық жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 

Премьер-Министр құны 50 млрд теңге болатын Жаңатас жел электр станциясының құрылысы жобасымен танысты. Бірінші кезеңде оның қуаттылығы 100 МВт құрайды, екінші кезеңде 200 МВт болады. Қазіргі уақытта 19 жел генераторы орнатылды, 2020 жылдың бірінші тоқсанында олардың саны 40-қа дейін жеткізіледі. 

Үкімет басшысына 2020-2022 жылдары салынатын «Qazaqsoda» ЖШС кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысына дайындық барысы туралы баяндалды. Yildirim Group түрік компаниясының жобаға салатын инвестициялар көлемі 127 млрд теңгеге жуықты құрайды. Кәсіпорын бірінші кезеңде жылына 400 мың тонна өнім шығаратын болады, перспективада өндіріс көлемін жылына 1 млн тоннаға дейін арттырмақ. 

Тараз қаласында А. Мамин өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі — «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытын аралады. Жыл басынан бері зауыт 142 млрд теңге сомасына өнім шығарды, бұл өнімдер негізінен ішкі нарыққа шығарылды және Ресей, Қытай, АҚШ, Германия, БАӘ елдеріне ішінара экспортталды.

Премьер-Министр «Сәуле» кондитерлік фабрикасының 3-ші өндірістік желісінің іске қосылуына қатысты, кәсіпорын қосымша 70 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Үкімет басшысы сонымен қатар биыл 25 желтоқсан күні Жамбыл облысының 80 жылдығына орай ашылған, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені жанындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейіне және Көркемөнер галереясына барды. 

Биылғы 11 айда Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі — 319,5 млрд теңгені (+7%), негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 250,1 млрд теңгені (+10,5%) құрады. Іске асырылу кезеңі 2020 жылдан 2025 жыл аралығын қамтитын, 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрумен 2,7 трлн теңге сомасына 66 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.