Үкімет кірме жолдарды ұсыну қызметтеріне тарифтерді төмендету жұмысын жалғастыруда

Осы жылдың басында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Скляр Мемлекет басшысының кірме жолдарды ретке келтіру жөніндегі тапсырмасы аясында кірме жолдар саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексеріс жүргізуді, қызметтер құнының негізділігін талдауды және тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Бірінші кезеңде биылғы 1 ақпаннан бастап кірме жолдарды ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын 21 субъектіге («КСО» АҚ, «Arman Kala Limited» ЖШС және басқалары) тарифтер орта есеппен 80%-ға төмендеді.

Бұл ретте, Үкімет Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, қызмет көрсету кезінде өз жағдайын теріс пайдаланатын жосықсыз субъектілерді анықтау бойынша жұмысты жалғастырды.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде кірме жолдар қызметін көрсететін 120-дан астам субъектіге тарифтер төмендетілді.

Осылайша, қабылданып жатқан шаралар тасымалданатын тауарлардың (жүктердің) түпкілікті құнына оң әсер етеді және кәсіпкерлердің аталған қызметтерді төлеу шығыстарын айтарлықтай төмендетеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу