Қазақстан Премьер-Министрі С.Ахметов Румынияның Үкімет басшысы В.Понтамен кездесті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Румынияның Премьер-Министрі Виктор Понтамен келіссөздер жүргізді. 

Румынияны Қазақстанның Шығыс Еуропа мен Балқан түбегіндегі негізгі әріптесі деп атаған, С.Ахметов екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. 



С.Ахметов 2012 жылы румын жағының жәрдем көрсетуімен құрылған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықтары және Қазақстан-Румыния Іскерлік кеңесі бойынша Үкіметаралық комиссия тетіктерін жандандыра түсу керектігін атап өтті. «Бұл іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, басымдықты салалардағы нақты жобалардың жемісті жүзеге асырылуына жағдай жасайды», - деді ҚР Премьер-Министрі. 

Ол сондай-ақ румын бизнесінің Қазақстанның өндірісін дамытуға қатысуы туралы транзиттік-көліктік салада, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыру бойынша жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды. 

Өз кезегінде, В.Понта «бұл жалпы екіжақты қарым-қатынас орнатылған 20 жыл ішіндегі Румыния Премьер-Министрінің Қазақстанға алғашқы сапары. Мен Астанаға Қазақстан Үкіметімен ынтымақтастығымыздың басымдықты бағыттарын талқылау үшін ұшып келдім», - деді.

«Румыния Қазақстанның Еуроодақтағы табысты әріптестерінің бірі бола алады», деген ол «бұл кездесу екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жаңа кезеңі болды», - деп атап көрсетті. 

Қазақстан-Румыния Үкімет басшылары Серік Ахметов пен Виктор Понтаның қатысуымен өткен келіссөздерде екі Келісімге қол қойылды. Олар: бірлесіп әскери кадрлар дайындау мен мәдениет саласындағы ынтымақтастық. 

Қол қою рәсімінен соң Қазақстан мен Румыния Премьер-Министрлері С.Ахметов пен В.Понта журналистерге арнап брифинг өткізді.

Кездесуді түйіндей келе, С.Ахметов айтқандай, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық сфералардағы байланыстарды дамыту, екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін өзара тиімді пайдалану, мәдени-білім беру саласындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. 

С.Ахметовтің айтуынша, бұл келісімдер сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Румыния Үкіметаралық комиссия аясында лайықты көрініс табатын болады. «Бүгінгі қол қойылған Келісімдер біздің елдерімізге жаңа іс-қимыл перспективаларын ашады, бұл жоспарлар екіжақты тиімділікті көздейді», деді С.Ахметов.

Тұтастай алғанда, «келіссөздер қортындысы халықаралық күн тәртібіндегі көптеген тақырыптар бойынша біздің көзқарастарымыздың жақын екенін және тараптардың ынтымақтастықтың басымдықты бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге ұмтылып отырғанын көрсетті», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу