Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысын тексерді

Сәрсенбі, 09 Қазан 2019, 18:43:39

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына барды, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел өңірлеріне жұмыс сапарлары аясында берген тапсырмаларын іске асыру барысын тексерді. ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрақты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындауға баса көңіл бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Премьер-Министр индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында әлемдегі ең ірі игерілмеген мыс кен орындарының бірі ‒ Ақтоғай кенішін игеріп жатқан «KAZ Minerals Aktogay» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Кен орнының минералды ресурстары 1,7 млрд тоннаны құрайды. Кендегі мыстың жалпы мөлшері 5,8 млн тоннаны құрайды. Ақтоғай ТКБК қуаттылығы жылына 25 млн тонна өңделген кенді құрайды, 2021 жылдан бастап бұл көрсеткішті екі есеге арттыру көзделген.

Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин «Өскемен ‒ Талдықорған» автожолын салу жобасының іске асырылу барысымен танысты. Биыл 198 шақырым жолда көлік қозғалысын ашуды қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы, ұзындығы 763 шақырым болатын жолда қозғалыс 2020 жылы ашылады. Сонымен қатар, «Қалбатау ‒ Майқапшағай» трассасын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда жыл соңына қарай 45 шақырым автожол пайдалануға беріледі.

Өскемен қаласында А. Мамин Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы жанындағы Онкология және хирургия орталығының, Роботтандырылған хирургия, ангиохирургия және трансплантология орталығының қызметімен, ШҚО әкімі Ведомствоаралық ситуациялық және инвестициялық орталығының қызметімен танысты. Премьер-Министр өңірдің инвестициялық әлеуеті, өнеркәсіп саласындағы цифрландыруды дамыту, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттерінің Startup жобаларын іске асыру бойынша презентацияларды өткізуге арналған шоурумды қарап шықты. Сондай-ақ, мұнда «Jastar Time» инновациялық орталығы орналасқан, онда 5-11 сынып оқушылары АT бағыттары бойынша оқытылады, атап айтсақ: 2D/3D графикасы, бағдарламалау, видео жасау және т.б.

Алматы облысында Үкімет басшысына ұзындығы 314 шақырым болатын «Өскемен ‒ Талдықорған» автожолының шығыс бөлігін реконструкциялау, ұзындығы 184 шақырым болатын «Үшарал ‒ Достық» автожолының құрылысы жобасы туралы баяндалды.

Қарағанды ​​облысында «Қарағанды ‒ Балқаш» автожолының учаскесіндегі жұмыстар тексерілді. Осы жоба бойынша биыл 40 шақырым жолда қозғалыс ашылады, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жолдың барлық ұзындығы бойынша қозғалыс ашылады деп жоспарлануда. «Қарағанды ‒ Теміртау» және «Қарағанды ​​айналма жолы» жобалары бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, 61 шақырым жол пайдалануға беріледі.

Премьер-Министр Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды ​​облыстарының жолдарындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. Сонымен бірге, Үкімет басшысы құрылып жатқан көлік инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

«Келесі жылы біз “Талдықорған – Өскемен” және “Қарағанды – Алматы” жолдарының бойында толық жол жүруді қамтамасыз етуіміз керек», — деді А. Мамин.

Тексерілген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.