ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевпен телефон арқылы келіссөздер жүргізді

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Ресей Премьер-Министрі Д. Медведев телефон арқылы сөйлесті. Əңгімелесу қазақстандық тараптың бастамасымен өтті.

Əңгімелесу барысында ҚР мен РФ Үкіметтерінің басшылары интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелерін талқылады.

Тараптар «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту перспективалары және бірлесіп пайдалану туралы пікір алмасты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу