Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

3,7 млн астам қазақстандық 42 500 теңгені қайта алуы мүмкін — Б. Нұрымбетов

Дүйсенбі, 11 Мамыр 2020, 19:06:33

ҚР Үкіметіндегі брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлемінде төлем алуға өтінімдерді қабылдау қайта жалғаса ма және жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі қандай болаты деген сұрақтарға жауап берді.

Б. Нұрымбетов 42 500 теңге — төтенше жағдай енгізілгенге дейін жұмыс істеген, алайда ТЖ енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға берілетін төлем екенін еске салды.

«Бүгінде жалпы 4 млн 539 мың адам бұл өтемақыны алды, оған барлығы 193 млрд теңге жұмсалды», — деді министр.

Сондай-ақ Б. Нұрымбетов осы жылдың 16 сәуіріне дейін өтініш берген адамдар екінші ай үшін де төлем ала алатынын түсіндірді. Мұндай азаматтар саны — 3 млн 735 мың адам.

«Мамыр айынан бастап біз төлемнің екінші кезеңін бастадық. 5-6 мамыр күндері демалыс алдында біз 2 млн-ға жуық адамның өтінімін ресімдедік және 99 млрд теңге банктерге жіберілді. Кейбір азаматтар екінші ай үшін төлем алып үлгерді, бірақ банктер жұмыс істемегендіктен, барлығы ала алмады, енді банктер осы төлемдерді тиісті адамдарға жібере бастайды», — деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар Б. Нұрымбетов бүгінгі таңда әлеуметтік төлемдер бойынша өтініштер қабылдау аяқталғанын хабарлады.

«Бүгін ТЖ режимі аяқталды және біз өтінімдерді қабылдауды тоқтатамыз. Алайда, 11 мамырға дейін қабылданған өтініштер міндетті түрде қаралады және сәйкес болған жағдайда төлем жасалады», — деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ТЖ екі айлық режиміне және бұдан әрі жалғасатын карантинге байланысты елімізде күтілетін жұмыссыздық деңгейіне жасалған болжамды жариялады.

Б. Нұрымбетов хабарлағандай, еңбек нарығындағы жағдай және жұмыспен қамтуды қалпына келтіру, бірінші кезекте, карантиндік шаралардың төмендеу және бәсеңдеу қарқынына және кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін қайта бастауға, сондай-ақ экономиканы жандандыру шараларына байланысты болады.

«Әрине, жұмыспен қамтуды қалпына келтіру жеңіл үдеріс емес. Дегенмен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деңгейінде болжам жасалды: біз карантиндік шараларды бәсеңдетудің негізгі көлемі маусым-шілде айларында болса, жұмыспен қамтуды толық қалпына келтіру осы жылдың IV тоқсанында басталады деп есептейміз. Жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі төтенше жағдай режимін енгізгенге дейінгі 4,8 пайызбен салыстырғанда 5,9% деңгейінде болуы мүмкін», — деді министр.

Бүгінде Үкімет халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаған, Жұмыспен қамтудың жол картасы іске қосылды, «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктері кеңейтілді.

«Өзге тоғыз мемлекеттік бағдарламалармен қатар, олардың әлеуетін ескере отырып, 2020 жылы 1 млн 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады», — деді министр сөзін түйіндеп.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.