Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Әлихан Смайылов ТЖ кезеңінде бюджетті қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы айтып берді

Сейсенбі, 17 Наурыз 2020, 13:13:13

Бюджетті қалыптастыру министрліктер мен ведомстволардың мәліметтерінің негізінде ірілендірілген есептеулер бойынша жүргізілетін болады. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов айтып берді. 

Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар күшейтілуде. Барлық ұйымдар мен нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық шараларды жүргізу, дәріхана желілерін дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілетін болады. Ірі сауда желілерімен және азық-түлік тауарларын жеткізушілермен, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп барлық қажетті өнімдер мен барлық бірінші қажеттіліктегі тауарларды үздіксіз жеткізу мәселесі шешілетін болады. 

Елімізде азық-түлік пен дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар, алдын ала сауда жасап, дүрбелең тудырудың жөні жоқ. 

«Президент «Экономиканы тұрақтандырудың бұдан кейінгі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды, онда салық салу, мемлекеттік сатып алулар және бюджетті пайдалану бойынша ерекше жағдайлар атп көрсетілген. Төтенше жағдай кезеңінде республикалық бюджетті қалыптастыру және орындау бойынша да ерекше тәртіп енгізіледі. Бюджетті қалыптастыру министрліктер мен ведомстволардың деректерінің негізінде ірілендірілген есептеулер бойынша жүргізілетін болады», - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, бұл бюджет өтінімдерін қарастыру мерзімін қысқартып, қажетті бюджет шығыстарының бағыты мен көлемін жедел анықтауға мүмкіндік береді. 

Бұл ретте, бюджетті нақтылау Жарлық жобасын ҚР Президентіне ұсыну арқылы жүзеге асырылатын болады.  

Бюджетті орындау кезінде қарастырылады:

  • келісімшарттары тіркеу және төлем жүргізуді тоқтата тұру мүмкіндігі, бұл бекітілген бюджет бағдарламаларын толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайда міндеттемелердің өсуін болдырмауға мүмкіндік береді; 
  • Үкіметке бір бюджеттік бағдарлама әкімшісінен екіншісінің пайдасына қаражатты алу арқылы бюджет қаражатын ауыстыру, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының арасында және өңірлердің арасында қаражатты бөлу құқығын беру.

Мысалы, қолданыстағы бюджеттік заңнама бойынша нысандар құрылысында түрлі сараптамалар мен техникалық-экономикалық есептеулер, мемлекеттік органдар арасында келісу қажет. Жедел шаралар қабылдау қажеттігін ескере отырып, Үкімет жоғарыда аталған рәсімдерді қысқарту туралы шешім қабылдады. 

Дағдарысты жағдай кезеңінде мемлекеттік сатып алулардың арнайы тәртібі жұмыс істейтін болады. 

«Бұл кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін  мемлекеттік сатып алулар жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын тауарлар мен оларды өндірушілердің тізімін айқындайтын болады. Мұндай тауарларды мемлекеттік сатып алу жедел әрі жеңілдетілген түрде, тек отандық өндірушілер арасында жүргізіледі», - деді Әлихан Смайылов.

Бұл сатып алулар баға ұсыныстарының сұранысы арқылы жүзеге асырылады, жеткізушіні таңдау рәсімі 5 жұмыс күнінен аспайды. Бұл шара жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдап қана қоймай, жаңа өндірістерді ашуды ынталандыратын болады. 

Баршаға белгілі қалыптасқан дағдарысты жағдайларда Үкімет өте жылдам үн қатуы тиіс, мысалы: жедел маскалар немесе қорғаныш құралдарын сатып алу, аурухана салу т.б. Бұл ретте, конкурстық рәсімдер 45 күннен 60 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты жұмыс тобына бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді, жекелеген жеткізушілерді анықтау бойынша өкілеттіліктер беріледі. 

Бұл ретте, ірі және маңызды сатып алулар (2 млрд теңгеден асатын) Қазақстан Республикасының Президентімен келісілетін болады. Қалған барлық мемлекеттік сатып алулар жалпыға бірдей тәртіппен жүзеге асырылады. 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы” жаңа жобасын іске асыру ұсынылады, оған 300 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржы өңірлерге бағытталып, жаппай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.  Инфрақұрылымдық жобалар аясында бұл инфрақұрылым нысандарын, әлеуметтік нысандарды - мектептерді, ауруханаларды, жолдарды т.б. ағымдағы күрделі жөндеу, яғни, қандай да бір елді мекендегі аса өзекті мәселені шешуге бағытталады. “Бизнестің жол картасы - 2025” және “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламалары аясында біздің бизнесті несиелендіруді қаржыландыру көлемін едәуір арттыру жоспарланған», - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі. 

Оның айтуынша, бүгінде “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасына 600 млрд теңге бөлінген, оның аясында өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешендегі жобалар қаржыландырылды. Қазіргі сәтте бұл қаржыландыруды 1 трлн теңгеге дейін арттырып, бұл бағдарламаның бүкіл экономиканы, оның ішінде сауда, қызмет көрсету салаларын қамтуы ұсынылады. Бұл жағдайда қарыз алушылар өз жобаларын іске асыру, жаңа бизнес бастау немесе жұмыс ісетп тұрған бизнесін кеңейту үшін төмен пайызбен - жылдығы  6% болатын ұзақ уақыт бойы қаржыландыруды ала алады.   


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.