«5-20-25» бағдарламасы: жылдығы 5%-бен тұрғын үй алуға жеңілдікті несиені кім ала алады

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова «5-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасының критерийлері мен шарттары туралы айтып берді. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «5-20-25» бағдарламасының 25 жылға 20% бастапқы жарнасымен жылдық 5%-бен ипотекалық займ ұсынуды қарастыратынын айтты. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері үміткер бола алады. 

«Әрбір кезек санаттары бойынша бөлінген: көп балалы аналар, жетім балалар, мүгедек балалардың ата-аналары, мемлекеттік қызметкерлері, бюджет саласында істейтіндер т.б. Бірақ санаттары бойынша адамдардың тұрғын үйге мұқтаждығын білуге болмайды. Мемлекеттік қызметкерлер әр түрлі.. Сондықтан біз кезектегілерді табысы бойынша бөлуді ұйғардық», — деді Қ. Өскенбаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы лауазымына байланысты түрліше болатынын атап өтіп. 

Мәселен, отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 дейінгі табысы бар санаттар үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі іске асыра бастаған тетік - «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктер беретін тұрғын үй ұсынылады. 

«Табысы бұдан жоғары адамдар “7-20-25” бағдарламасына немесе екінші деңгейлі банктердің бағдарламаларына қатысуы керек», — деп түсіндірді вице-министр. Бұл ретте жалақысы жоғары мемлекеттік қызметкерлердің мемлекет субсидиялайтын жеңілдікті мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға құқығы жоқ екені, мен жоғарырақ шығынды тетікті қолдануы керектігі атап өтілді. 

Л. Ибрагимова осы тұрғын үй бағдарламасына қатысу шарттары туралы толығырақ айтып берді. 

«Шын мәнісінде, “5-20-25” формуласы 2016 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істейді. Біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ретінде бұл формула бойынша 20% көлемінде бастапқы жарна болған жағдайда жылдық 5% мөлшерлемесімен несие береміз. Бағдарлама іске асырылғаннан бері біз жалпы сомасы 150 млрд теңгеге 19 800 займ бердік. Бұл ретте бюджеттен 93 млрд теңге бөлінді. 57 млрд — қайтарымды ресурстар немесе тұрғын үй бағасынан 50% жинаған адамдардың ресурстары болды», — деді ол.

 Бағдарламаға қатысу критерийлері:

● әкімдіктің кезегінде тұруы тиіс;

● соңғы 5 жылда меншігінде баспанасы болмауы тиіс.

«Бүгін Үкімет отырысында қосымша 14 млрд теңге қаражат бөлу қарастырылды. Сұраныс өте жоғары. Бұл бағдарлама сәтті іске асырылуда. Тек соңғы жылда біз 6913 займ бердік және қазір оны жалғастырамыз», — деді Л. Ибрагимова.

Қ. Өскенбаев түсіндіргендей, бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйдің бір шарты метрі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 180 мың теңгені құрайды, қалған өңірлерде — 140 мың теңге. Бұл ретте ол бағдарлама іске асырылған кезден бастап 5 жыл бойы тұрғын үйдің шаршы метрінің құны өзгермегенін атап өтті. 

«Біздің құрылыс компаниялары бұл уақыт аралығында құрылыс көлеміне ықпал ететін көптеген құрылыс материалдарының бағасы қымбаттағаны туралы айтатыны түсінікті. Бірақ, бұл тетіктің өзегі қайтарымдылығына негізделген. Яғни, жергілікті атқарушы органдар несие алады, облигацияларды сатады да 50%-бен Бәйтерек ҰБХ АҚ-дан ақша алып, тұрғын үй салады, бұл қаражатты олар екі жыл ішінде қайтаруы керек. Бұл қаражат қайта жаңа құрылысқа бағытталады. Біз үшін біздің салатын тұрғын үйлеріміздің айналымға түсіп, ақшаны қайтарылуы өте маңызды, өйткені жүйеде жаңа құрылысқа ақша болуы керек. Неге біз құрылыс құнын арттырмаймыз? Өйткені біз тұрғындардың мүмкіндіктерін ескереміз», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, егер тұрғын үй құны орташа бағасынан жоғары болса (180 мың теңге — Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында, 140 мың теңге — басқа облыс орталықтарында), онда жергілікті атқарушы органдар субсидиялар беру немесе басқа жұмыс түрлері бойынша шығындарды жабу жолдарынқарастыруы керек, мысалы, салынып жатқан үйге инженерлік коммуникациялар жүргізу, абаттандыру т.б. 

ҚР ИИДМ мәліметтері бойынша Қазақстанда үш жылда 30 мың несиеге берілетін тұрғын үй, 21 мың жалға берілетін тұрғын үй салынатынын айта кетейік, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 5 мың тұрғын үй беріледі квазимемлекеттік сектор 20 мыңға жуық тұрғын үй салады.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу