Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биыл көп балалы отбасыларға 8 мыңнан астам пәтер беріледі — Қ. Өскенбаев

Жұма, 20 Қыркүйек 2019, 13:54:28

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Л. Ибрагимова көп балалы отбасыларға баспананың қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 

«Нұрлы жер» бағдарламасының «Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салу» міндеті аясында сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй республикалық және жергілікті бюджеттерде сәйкес қаржы жылында көзделген қаражатқа сәйкес келесі адамдарға ұсынылады:

  1. табысы аз көп балалы отбасыларға;

  2. халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына;

  3. жұмыс істейтін жастарға.

2019 жылы республикалық бюджеттен әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар үшін 6002 сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына (сатып алуына) 32,8 млрд теңге бөлінді. Жыл сайын кем дегенде 4 мың пәтер пайдалануға берілетін болады.                        

Көп балалы отбасылар үшін 2025 жылға дейн 40 мың жалға берілетін тұрғын үйдің немесе жыл сайын 6 мың пәтердің құрылысы жоспарланды. Осы мақсаттр үшін 7 жыл ішінде 350 млрд теңге қарастырылған (немесе жыл сайын 50 млрд теңгеден).    

«Бүгінде біз 2 813 пәтерді бердік және жоспардан алда келеміз. Көп балалы аналарды пәтерлермен қамтамасыз ету аясында биыл 6 мың емес, 8 мыңға жуық пәтерді өткізуді көздеп отырмыз», — деді Қ. Өскенбаев.   

Сондай-ақ, бірінші вице-министр екі апта сайын ол бағдарламаның аспектілерін түсіндіру үшін көп балалы аналармен кездесетінін атап өтті.

«Олар баспананы дәл қазір алғысы келеді. Бірақ шыдамдылық қажет. Кезек ережелерін сақтау керек. Мен де, министр де, Үкімет басшысы да – ешкім кезекті бұзып, біреуді кезектен тыс өткізіп жібере алмайды. Заң бар», — деді Қ. Өскенбаев.

Сондай-ақ, Қ. Өскенбаев көп балалы отбасыларға баспана алу үшін бөлек кезек жасау мәселесіне түсініктеме берді.

«Бұрын көп балалы отбасылар жалпы ортақ кезекте тұратын. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жетім балалар үшін басымдық болды. Оларға салынған тұрғын үйдің 20% берілетін. Салынған тұрғын үйдің 80%-ы қалған кезекке берілді. Бұл халықтың әлеуметтік осал тобының 11 санаты», — деді Қ. Өскенбаев.

Осы жылдың мамыр айында заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес көп балалы отбасылар жеңілдетілген баспананы бірінші кезекте  алушылармен теңестірілді. Бұл бағдарламаны «Нұрлы жер» бағдарламасында жедел іске асыру үшін жеке кезек бөлінді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова кезектің айқындылығы туралы айтып берді. Оның айтуынш, ҚТҚЖБ ҚР ИИДМ-мен бірлесіп, тұрақты негізде деректерді салыстырып тұрады.

«Бүгінгі таңда 512 мың кезекте тұрғандардың 160 мыңы біздің банктің салымшылары. Яғни, адамдар Қазақстанда мүлдем тегін баспана болмайтынына және адамдар тезірек тұрғын үй алуы үшін жағдайлар жасалып жатқанына сенді және түсінді. Бір уақытта ЖАО-да кезекте тұрған және ҚТҚЖБ салымшылары болып табылатын осы 160 мың адамның 20%-ға жуығында 1 млн теңгеден астам жинақ бар», — деді Л. Ибрагимова.

Бұл санаттағы адамдар жылдық 5%, бастапқы жарнасы 20% құрайтын «Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса отыры, үй иесі бола бастайды және кезектен шығады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына да ЖАО кезегінде тұрған азаматтар — көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатысады.

«Қазір біздің hcsbk.kz сайтта қарыз алушылар тізімі, яғни қарыз алған отбасылардың тізімі жарияланған. Бұл айқындық бізде барлық несиелік тұрғын үй бойынша қамтамасыз етіледі. Қысқасы, баспаналы болған адамдардың тізімін біз жариялап отырамыз», — деді Л. Ибрагимова.  

Сонымен бірге, бейінді ведомствоның бірінші вице-министрі көп балалы отбасылар санының өскенін атап өтті.

«Үш жылдың ішінде біз көп балалы отбасыларды жеңілдетілген баспанамен толықтай қамтамасыз етуіміз керек. Басымдық жарияланған кезде 29 мың көп отбасы кезекте тұрды. Бүгінде олардың саны – 38 229 отбасы. Кезек айтарлықтай жылдам қарқынмен өсуде. Біз өсімді ескере отырып тұрғын үй салып жатырмыз. Сондықтан алға қойылған міндеттер толығымен орындалады», — деді Қ. Өскенбав.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.