Инфрақұрылымды дамыту үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесін шешуге бағытталған: алдағы үш жылда 190 мектеп салынады

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы аясында ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкіметтік жұмыс тобының Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын түсіндіру бойынша өңірлік сапарлары кезінде білім саласына енгізілетін өзгерістерді жүзеге асыру мәселелері қаралғанын айтты.

 

Министр атап өткендей, жалпы 102 білім ұйымы араланып, 6 мыңнан астам педагогтармен кездесулер өткізілді.

 

Өңірлердегі педагогтармен кездесулар барысында орта білім инфрақұрылымы, оқыту кезінде балалардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау, орта білім беру бағдарламасының жаңартылған мазмұнына көшу, үштілдік білім беруді енгізу, инклюзивті, кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту, педагогтардың біліктілігін көтеру, жалақысы төмен педагогтардың жалақысын өсіру мәселелері жиі көтерілді, педагогтің статусы туралы заң жобасы кеңінен талқыланды. 

Орта білім инфрақұрылымы мәселесіне келсек, бүгінде елімізде үш ауысымдық мектептер мен апатты жағдайдағы мектептер бар.

«Алдағы үш жылда 190 мектеп салу жоспарланған, оның ішінде 89 мектеп үш ауысымдық мектептер проблемасын шешуге арналған, 13 – мектеп апатты мектептер орнына, 72 мектеп – оқушылар орындарының тапшылығын жою үшін және 16 мектеп сейсмикалық тұрғыдан күшейтілді», — деді К. Шәмшидинова.

Қазіргі кезде мектептерді салу және күрделу жөндеу кезінде жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселесі талқыланып жатыр. Министрдің айтуынша, ҚР БҒМ талдау жұмыстарын жүргізді, өңірлер анықталды, болашақта мектептердің күрделі жөндеуі мен құрылысына қаражат бөлу көзделген. Балалар санына байланысты жергілікті атқарушы органдар қай жерде қандай мектеп салу керектігін айқындайтын болады.

Оқушылар орнының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беретін МЖӘ механизмі белсене қолданылады. Өткен жылдан бері орта білім саласында мемлекеттік білім беру тапсырысы жекеменшік мектептерге орналастырылуда, бұл да оқушылар орнының тапшылығын азайтуға ықпал етеді.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары елімізде 1672 мектеп салынды. Орта білім инфрақұрылымын дамыту бірінші кезекте үш ауысымдық, апатты мектептер мәселесі мен оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған.

Балалардың жекелеген санаттарын қолдауға келсек, білім ұйымдарын ұстауға салынған ақшадан жаппай оқыту қорына кемінде 1% бөлініп отырады. Олар белгілі бір отбасылар санаттары - АӘК алатындар, АӘК алмайтын, бірақ отбасының әрбір мүшесіне шаққанда минимальді табысы бар отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және төтенше жағдайларда шұғыл көмекті қажет ететін балалар.

Жаппай оқытудан көмек алу үшін балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім беру ұйымына жазбаша түрдегі өтінішін жолдауы қажет. Бұл өтініштердің комиссия қарастырады. Аталмыш үрдістің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ облыстық білім беру басқармаларына қордан көмек бөлу комиссияларының құрамына ата-аналар комитеттері мен мектептердің қамқорлық кеңестерінің өкілдерін енгізуді ұсынды.

Министр 2020 жылға қарай орта білім беру бағдарламаларын жаңартылған мазмұнға көшірі жұмыстары аяқталатынын айтты. Бүгінде мұғалімдердің 30% жаңа бағдарлама бойынша сабақ беру үшін біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Биыл жазда оқушыларды бағалау жүйесі бойынша семинарлар мен курстар ұйымдастырылады. Әрбір мектепте мұғалімдерге көмектесетін тренерлік құрам болады.

Педагог мәртебесі туралы заң жобасы жайлы айта отырып, К. Шәмшидинова педагогтың кәсіби құқықтарын кеңейту және заңсыз іс-әрекеттерден мұғалімдерді қорғауды қарастыратын Әкімшілік құқық бұзушылық нормалары туралы кодекске қосу жайында айтып өтті. Сонымен қатар, заңда әлеуметтік кепілдіктер мен педагогты ынталандыру түрлері қарастырылған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу