Президенттік кадрлық резервке үміткерлерді тестілеу заң бұзушылықтарсыз өтті — А. Жайылғанова

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Президенттік жастар кадрлық резервіне үміткерлерді тестілеу кезінде заң бұзушылықтар фактілерінің болмағанын хабарлады. 

«Беру фактілері кездескен жоқ. Тестілеу кезеңі аяқталып, барлығы тапсырып, нәтижелерін алған соң олардың қолында бұл ақпарат болды, бірақ мұның ешбір маңызы болмады. Өйткені тестілеу кезеңін өтіп қойды. Тіпті егер біреу біреуге бірдеңе беретін болса да, мұның еш маңызы жоқ. Тексерудің келесі кезеңінде мүлдем басқа сұрақтар болды. Сондықтан мұндай әңгімелер негізсіз», — деді А. Жайылғанова.

«Бизнес Психологи Казахстан» (SHL Kazakhstan) ЖШС бас директоры Раушан Ирғалиева тестілерді әзірлеу рәсімдері туралы айтып берді. Тестілердің әрқайсысында 65 пункттен жасалды. 

Оның айтуынша, тестілер классикалық теория бойынша әзірленді. Әзірлеушілердің айтуынша, көптеген адамдар тапсыра алатын орташа күрделі деңгейі пайдаланылды. 

«Бұл деңгей жақсы жасалды. Болашақта бұл жоба үшін осы орташа деңгейді пайдалану ұсынылатын шығар», — деді «Бизнес Психологи Казахстан» бас директоры.  

 Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпараттық жүйені әзірлеуші компания өкілі Дана Жақыпова өз кезегінде онлайн-платформаның жұмысы туралы айтып берді. 

«Кандидаттың аты-жөні белгісіз болады, оның сәйкестендіру нөмірі болады, ол әр кезеңде беріледі, яғни тіркелген кезде бір нөмір алады, келесі кезеңге өткенде басқа нөмір беріледі. Осылайша, біз адамдардың тікелей араласуын болдырмаймыз», — деп түсіндірді Д. Жақыпова.  

Оның айтуынша, тестілеу нәтижелерін бағалауды тікелей қатысы жоқ адамдар жүргізеді. 

«Олар –  бір-бірі жайлы білмейтін тәуелсіз адамдар. Олар тек жеке кабинетіне кіріп, көптеген сандардан тұратын кодтарды көреді. Бағалаушылар адамның өзін көрмейді, оның аты-жөнін көрмейді, тек үміткердің нөмірін ғана және өзі бағалауы тиіс нәтижелерді ғана көреді. Барлығы ашық, бұрмалау жоқ», — деді Д. Жақыпова.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу