ҚР-да алдағы бес жылда 3 мыңға жуық мегаватт газ өндіретін жаңа станциялар салынады 

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша брифинг өтті. Қазақстанда электр энергиясын өндіру туралы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтып берді.

«KEGOC» АҚ атынан жүйелік оператордың ақпараты бойынша  атынан электр энергиясын тұтыну өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артты. Бұл өсім майнинг дата-орталықтары санының артуына байланысты. Осыған байланысты, жүйелік оператор ҚР бірыңғай энергетикалық жүйесінде электр энергиясы тапшылығының туындағанын растап отыр.

«Біз бір жылдың ішінде электр энергиясын тұтыну мен өндіріс 7%-ға өскенін байқаймыз. Бұл өте үлкен өсім. Біз қазір бірқатар шешімдер қабылдауымыз керек. Біріншіден, біз жүйелік операторлардың — бұл біздің KEGOC ұлттық компаниямыздың — электр энергиясының тапшылығы туындауы мүмкін сәтте бірінші кезекте майнингтік DATA-орталықтарының тұтыну көлемін шектеуге немесе азайтуға құқығы болуы тиіс», — деді М. Мырзағалиев.

Сонымен қатар, қазіргі кезде криптовалюта майнингін жүзеге асыру бойынша қызмет әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге айтарлықтай оң әсер етпейді.

Майнинг Қазақстанда өндірілген арзан электр энергиясын тұтынады, ал одан әрі криптовалютаны сату және пайданы шоғырландыру шетелде жүреді. Халық және экономиканың нақты секторы үшін енгізілген қуаттардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалармен толығуына байланысты халық пен экономиканың артып келе жатқан қажеттіліктерін электрмен жабдықтау бойынша тәуекелдер бар.

«Екіншіден, біз бұл мәселені энергетикалық қуат беруге техникалық шарттар ұсыну бөлігінде реттегіміз келеді. Бұл да өте маңызды. Үшіншіден, майнинг нарығын дамыту қажет және ол дамитын болады. Шын мәнінде, біздің елімізде оны дамыту үшін өте жақсы мүмкіндіктер бар, Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша қолда бар әлеуеті тұрғысынан. Егер тиісті электр энергиясына майнерлер тарапынан сұраныс болатын болса, онда оны ЖЭК есебінен генерацияның жаңа көздерін салу арқылы қанағаттандыруға болады», — деді энергетика министрі.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі майнингтік дата-орталықтарды энергия көздеріне қосуды уақытша тоқтата тұруға және осыған дейін қосылған майнингтік фермалардың энергия тұтынуын шектеуге байланысты бірқатар ұсыныстар дайындады.

«Алдағы бес жылда шамамен 3 мың мегаватт генерациялайтын жаңа станциялар салынады деп жоспарлап отырмыз. Бұл айтарлықтай үлкен көлемдер және бұл бізге барлық ықтимал тәуекелдерді жоюға мүмкіндік береді. Мен тек газ генерациясының 3 мың мегаваты туралы айтып отырмын», — деді М. Мырзағалиев.

Газ энергетикасынан басқа, ЖЭК бойынша жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, 2025 жылға қарай елдің энергия теңгеріміндегі ЖЭК көлемі ағымдағы 3%-дан 6%-ға жетеді деп жоспарлануда. Ал 2030 жылға қарай ол кемінде 15% деңгейіне жететін болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу