Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Жұма, 20 Наурыз 2020, 11:29:36

ҚР Үкіметінде өткен онлайн-брифинг кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазіргі кезде Қазақстан аумағында COVID-19 таралмауы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Өкімімен елімізде бір ай мерзімге төтенше жағдай енгізілді. ҚР Премьер-Министрінің жетекшілігімен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның 3 отырысы өткізілді.

Е. Тоғжанов хабарлағандай, қазіргі кезде Үкімет тәулік бойы жұмыс істейді, нақты шешімдер бір-екі күн ішінде қабылдануда. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. 

«Бірінші, кешеден бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының аумағында карантин енгізілді, бұл халықаралық тәжірибеге сай келеді. Біз вируспен “қозғалыс аз болған сайын таралуы да аз” ұранымен күресеміз. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының аумағына кіріп-шығуды шектеу туралы шешім қабылданды», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Наурыз айының 22-сі күні сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен барлық көлік түрлерінің қатынасы — әуе, темір жол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22-іне дейін азаматтарға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуге немесе кетуге болады.

Екі қаладан шыға берісте медицина қызметкерлерінің кезекшілігімен мобильді бекеттер қойылады, шыққан адамдардың барлығына міндетті түрде сауалнама жүргізіледі. 

Бұл шаралар адамдардың денсаулығына мониторинг жасау және вирустың өңірлерге таралуын болдырмау үшін қабылдануда. 

«Екінші, өндірістік тауарлар сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдени, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Мейрамханалар мен дәмханалар үйге жеткізу арқылы жұмыстарын жалғастыра алады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртібінде жұмыс істейді», — деді Е. Тоғжанов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік ұйымдардың қызметшілерінің 70%-ы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының мекемелеріне меншік түріне қарамастан барлық жұмысты қашықтан істеуге ауыстыру ұсынылды.

«Қашықтан жұмыс істейтін азаматтардан қажеттілік болмаса, үйден шықпауларын сұраймыз. Атап айтайын, бұл шектеу шаралары тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қойылған», — деді ол. 

Үшінші, барлық өңірлерде аялдамаларды, қоғамдық көлікті, көшелер мен басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды санитариялық өңдеу, зарарсыздандыру бойынша шаралар күшейтілетін болады. 

Төртінші, 16 наурыздан 6 сәуір аралығында барлық мектеп оқушыларын каникулға жіберу туралы шешім қабылданды, барлық колледждер мен ЖОО-лар қашықтан оқытуға көшірілді. 

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының барлық мектепке дейінгі ұйымдары карантин кезеңіне уақытша жабылды, ал басқа өңірлерде штаттық режимде жұмыс істейді (бүгінде еліміз бойынша балалардың 28%-ы балабақшаға барады)», — деді Е. Тоғжанов.

Премьер-Министрдің орынбасары елімізде азық-түлік қоры мен дәрі-дәрмектердің көлемі жеткілікті екенін айтты. 

«Бесінші, азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды үздіксіз жеткізу жүзеге асырылатынына сендіргім келеді. Үкімет, өңірлер әкімдіктері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақтандыру қорларын толықтыру үшін 32 млрд теңгеден аса қаражат бөлінеді. Бизнес субъектілеріне мынаны айтқым келеді, біз бағаның, әсіресе, тұрғындар үшін бірінші қажеттіліктегі өнімдерге негізсіз өсуіне жол бермейміз. Тиісті мемлекеттік органдар бағаның өзгеруіне қатаң мониторинг жүргізетін болады, ал алыпсатарлық фактісі анықталған жағдайда қатаң санкция қолданылады», — деді вице-премьер.

Алтыншы, төтенше жағдай режимінде құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеудің маңызы зор.

Сондықтан ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтілген режимде жүргізетін болады. 

Жетінші, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ШОБ-тың жекелеген санаттары (СОСО, кинотеатрлар, көрмелер) үшін бірқатар салықтық ынталандырулар әзірленді: мүлік салығынан уақытша босату, салық берешегі бойынша өсімпұлды тоқтата тұру.

«Сондай-ақ жыл соңына дейін жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін кәсіпкерлерді 10% жеке табыс салығынан (70 мыңға жуық кәсіпкер) босату ұсынылады. Барлық осы шаралар қаржылық жағдайы нашарлаған бизнесті қолдауға мүмкіндік береді», — деді Е. Тоғжанов.

Сегізінші, Елбасының халыққа арнаған үндеуіне сәйкес Үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға ерекше назар аударатын болады. Қазіргі жағдайда жұмыс орындарын сақтауды қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті тұр.

Осыған байланысты Үкімет Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірледі, оны іске асыруға 300 млрд теңге қарастырылатын болады.

Бағдарлама жұмыспен қамтамасыз етуге, сонымен қатар өңірлердегі неғұрлым өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, атап айтсақ: әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық нысандарды қайта жаңарту және жөндеу. 

«Кәсіпорындардың басшылығына, бизнес қоғамдастыққа қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын және оларды қысқартуға жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік салдарды азайту бойынша барлық шараларды қабылдауды ұсынамын», — деді ол. 

Тоғызыншы, халық арасында медициналық маскалардың тапшылығы мәселесі қызу талқыланып жатыр.

Е. Тоғжанов Үкімет басшылығы күн сайын отандық өндірушілердің өндіріс көлемін арттыру мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Егер бүгінде елімізде күн сайын 360 мың маска өндірілсе, оның 171 мыңы көп рет пайдалануға арналған, жақын арада олардың санын 1 млн-ға дейін арттыру міндеті тұр», — деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары.

Оныншы, шетелде жүрген 5 мыңнан астам қазақстандық туристерді қайтаруды қамтамасыз ету қажет.

«Бүкіл әлем бойынша рейстердің ауқымды қысқаруы жағдайында оларды чартерлік рейстермен елге қайтару бойынша теңдессіз шаралар қабылданып жатыр. Осы жылдың 23 наурызына дейін 4 мыңнан астам қазақстандық туристті елге қайтару бойынша 18 рейс жоспарланған (қалғандары кейінірек жеткізіледі)», — деді Е. Тоғжанов.

Айта кету керек, белгілі бір қиындықтарға қарамастан, мемлекет қазақстандықтарды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелерді орындайды.

«Біз сіздерді мемлекет қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен және қолдаумен қарауға шақырамыз. Құқық қорғау органдарының, медиктердің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмысына түсіністік танытуды және жәрдем көрсетуді сұраймын. Мұның бәрі ортақ игілік, жақындарымыздың амандығы және елімізде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жасалып жатыр. Елбасы, Мемлекет басшысы және Үкімет Қазақстан халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Дегенмен, ортақ күш-жігеріміз арқылы ғана біз барлық қиындықтарды еңсере аламыз! Біздің табысымыз бен ұлт денсаулығы әрқайсымызға байланысты, ал бүгінде біздің ұйымшыл болуымыз аса қажет», — деп түйіндеді Е. Тоғжанов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.