12 желтоқсанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 12 желтоқсанда сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы;

  • 2017 жылғы 11 айдағы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы;

  • «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заң жобасы;

  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау жай-күйі;

  • өсімдік шаруашлығындағы сақтандыру тетігін жетілдіру.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Руслан Дәленовтың, сондай-ақ қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу