Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

13 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

12 ақпан 2018, 18:11
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 13 ақпанда сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • Үкіметтің 2018 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы;
  • 2018 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары;
  • Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар