Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

6 маусымда Үкімет отырысында атаулы әлеуметтік көмек мәселелері және АЭА мен ИА дамыту тәсілдері қаралады

05 маусым 2017, 13:53
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні сағат 9:00-де ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселелері және арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және Facebook, Вконтакте, Twitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ҚР инвестициялар және даму министрліктері басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.