Үкімет отырысында ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы 6 айдағы қорытындылары қаралады

17 шілде 2017, 13:31
Фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде сейсенбі күні, 18 шілдеде, сағат 10:00-де Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының 2017 жылғы 6 айдағы қорытындылары, 2017 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша "Нұрлы жер" Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ұлттық экономика, қаржы, инвестициялар және даму министрліктері басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.